Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У


жағымсыз мәндегі фразеологизмді



Pdf көрінісі
бет46/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

жағымсыз мәндегі фразеологизмді
(
адам айтқысыз
)
жазушының жағымды мазмұнда қолдануы да тап осы тәрізді тосын әсер
тудырады. Бұл тәсіл әсіресе әзіл әңгіме, юмор жанрындағы контекспен
жақсы үйлесіп тұрады:
Жол-жөнекей біз жынды көбелек секілді ұшып
жүрген бірнеше әйелден басқа керемет дейтіндей ештеме көрмедік. Ал
ауа-райы адам айтқысыз тамаша болып 
тұрды (Э.Распе. Мюнхаузеннін
хикаялары. Аударған О.Әубәкіров).
Жазушы кейде фразеологизм сыңарларының дағдылы орнын
ауыстырып, инверсия жасайды. Көбіне еркін тіркестерге тән мұндай
тәсілді жазушы фразеологиялық орамдарда қолданып, оның мазмұнын
кеңейте түседі:
 Ақжелкеден жаңалық хабарын естіп, жинасқан жерде
тұмсығымен сүйкесіп, жай-күйді танысатын бір илеудің
құмырсқасындай іштей ұғысып, бір-біріне ым қағып тарасқан болатын
(М.Әуезов. Қилы заман). Дағдылы қолданыста
 илеудің құмырсқасындай
емес, керісінше,
құмырсқаның илеуіндей
деп айтылатындығы белгілі.
Инверсия жасау арқылы жазушы «өріп, құжынап жүр» дегенге қоса
«сыбайлас» деген жаңа сема үстемелеп тұр.
Немесе түйенің үлкені
өткелде (көпірде) таяқ жейді
дегенді 
өткелде түйенің үлкені таяқ
жейді
деп өзгертудің де өзіндік мәні бар:
 Енді сені мен менің заманымда
Албан баласы мынаған кез болды, батыр... Өткелде түйенің үлкені таяқ
жейді... Айтсаң да, айтпасаң да тұйыққа келіп қамалдың
(М.Әуезов.
Қилы заман). Бұл жерде «түйенің үлкеніне» баса мән беріліп отыр.
Өткел – қиын-қыстау кез де, «түйенің үлкені» – Ұзақ сияқты ел азаматы,
батырлар.
Фразеологизмдердің сыңарларына тән тұрақтылықты әдейі бұза
отырып жазушы оның мағынасын қарама-қарсы мазмұнда өзгертеді.
Мысалы:
Тіленшідей атадан сені керең құлақ қып туғызған мен емес,
71


шүленнен шөл туғызған мен деп пе ең? – деп кейіспен кекетті
(М.Әуезов. Абай жолы). Мысалдағы 
шүленнен шөл туғызған
деген
фразеологиялық шоғыр «атақты кісіден тар кеуде туды» дегенді білдірсе,
шөлден шүлен туған
деп өзгертуден мүлде қарама-қарсы ұғым пайда
болады. Мұндайда байқалатын ерекшелік – фразеологизмнің
образдылығына нұқсан келмейді, яғни бірінші иллюстрацияда
фразеологизм литотаға, ал екіншісінде гипербола түріндегі айшықтарға
(фигураларға) негізделген.
Фразеологизм сыңарларының дәстүрлі орын тәртібін стильдік-
мазмұндық мақсатта өзгерте жұмсаудың тағы бір жарқын мысалын
мынадай контекстен де байқауға болады:
Қызтуған сайын ұл тілей
береді деген секілді көп тілекті үйе бермейік. Осыны орындасақ та аз
болмас. Бірақ ұл тілеген сайын қыз таба береді деп, тілек біткен жерде
қалмасын
(Ғ.Мүсірепов). Осылайша фразеологиялық тізбектердегі
сыңарлардың орнын алмастыру арқылы суреткер қаламы қаламбурдың
ерекше сирек үлгісін көрсеткен және бір фразеологизмнің екі түрлі
формасын жарыстыра жұмсау арқылы градация жасап, сөздің әсерлігін
күшейте түскен.
Жалпытілдік қолданыста
арпа ішінде бір бидай
деп айтылатын
фразеологиялық шоғырдың мағынасы «топ ішіндегі таңдаулы, елеулі,
ала бөтен ерекше көрінетіні» дегенді білдіреді. Жазушы
фразеологизмнің құрамындағы сөздердің дағдылы орнын алмастырып,
сөзге басқаша мазмұн береді:
Ал Құланоты аулында соңғы кезеңде
сексеннің табалдырығынан аттаған жалғыз Сырым болды. Қалың
бидайдың ішінде жалғыз арпа
(Ш.Мұртазаев. Кәрі солдат).
Фразеологизмді бұлайша өзгертуден оның образдылығы әлсіремейді.
Фразеологизмнің семантикалық структурасындағы «таңдаулы»,
«іріктеулі» тәрізді семалар салғырттанып (деактуализацияланып) кетеді
де «оқшау», «алабөтен» деген семалар актуализацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет