шеңгел өз жерінде
дегендер қазіргі кезде толық құрамда
(ер елінде
көктейді, жекен суында көктейді; шеңгел өз жерінде дүркірейді, ақын
өз елінде дүркірейді
) емес, ықшамдалған күйде жұмсалады. Сөйтіп,
кейбір фразеологимдердің ықшамдалған нұсқасы сөз (речь) қолданыстан
тілдік бірлікке (единицаға) көшкен. Мұндай ыкшамдалудың нәтижесінде
фразеологизмнің кейде ішкі формасы көмескілене бастайды.
Тіл жұмсау дағдысында тұрақты сөз тіркестерінің кейбір сыңары
толық қалпында да немесе ықшамдалған жинақы түрде де қолданыла
береді. Мысалы:
Жайлауыңды жау алды, қыстауыңды өрт алды, –
деген сұмдық осы да! - деп, құр күрсінгеннен басқа Сүйіндік түк айта
алмады
(Абай жолы). Бұл фраза
«Жайлауыңды жау, қыстауыңды өрт
алды»
түрінде де ықшамдалып айтылады. Алайда фразеологизмдерді
тұлғалық жақтан бұлай жинақы түрде ықшамдау үшін тұрақты тіркес
сыңарларының бірі қайталанып отыруы шарт. Ал М.Әуезов
шығармаларынан ықшамдаудың үйреншікті тәсілінен өзгеше түрін
ұшыратуға болады. Мұндағы ерекшелік қайталанбайтын сыңар
түсіріліп, ықшамдалады.
Мысалы
: Оның үстіне ұрыны, қашқынды
сүйедің деп, үстінен құс, астынан ит жүгіртіп, момын елді неғылса да,
Бақтығұлға жау қылатын болды
(Қараш-Қараш оқиғасы). Бұл
мысалдағы
фразеологизм әдетте
үстінен құс ұшырып, астынан ит
жүгіртіп
түрінде, толық күйде айтылатыны белгілі. Жазушы екінші
орамдағы қайталанбайтын сыңарды (
ұшыр
етістігін) түсіріп, тұрақты сөз
тұрпатын ықшамдаудың әдеттен тыс жаңаша түрін жасайды.Тағы бір
мысал:
Оның рас-ау, бірақ Алшынбайдың жазғы жайлауы ары шалқып,
ұзап кетеді. Бару, келудің жолы алыстап, мойны қашықтаған соң,
жүріс ауыр болады
(Абай жолы).
Дағдылы
қолданыста
жер мойны
қашық, алыс, шалғай...
түрінде айтылса, бұл құрылымда тұрақты сөз
сыңарының өзі өзгеріске түскен. Осылайша жазушы бір алуан тұрақты
сөз тіркестерін әр қырынан құбылтып, шеберлікпен түрлендіре түскен,
ықшамдауды ұтымды пайдаланған. Сөйтіп, дағдылы құбылысты дамыта
түсуі – жазушы шеберлігінің, тіл зергерлігінің бір қыры.
Фразеологизмдердің лексикалық құрамын
жаймалап қолдану
–
эллипсиске қарама-қарсы құбылыс. Фразеологизмдердің лексикалық
құрамына енбейтін, бірақ жалпытілдік
қолданыста олармен ілесе
айтылып жүретін сөздер болады. Міне, осындай серіктес сөздерді
сөйлеуші кейде сөз арасына қыстырып отырады да, фразеологизмнің
54
тілдегі қалыптасқан құрылымын кеңейтіп, етек-жеңін жаймалап
жұмсайды. Мысалы:
үш салар текемет
–
үш салар үлкен текемет, ат
шаптырым жер
–
ат шаптырым алыс жер, сөзге келмеді
–
екі сөзге
келмеді, бір ауыз сөзге келмеді, тіл қатпады
–
бір ауыз тіл қатпады,
төбесі көкке жетпеді
–
төбесі көкке аз-ақ (екі елі, сәл) жетпеді
т.б.
Фразеологизмдердің лексикалық құрамын жаймалап қолданудағы
ерекше бір тәсіл – екі бөлек фразеологизмдердің кейбір сыңарларын,
әсіресе қайталанатындарын түсіру арқылы бір бүтін етіп жұмсау.
Мысалы, сөйлеу дағдысында
шыбын жан, қу жан
тәрізді
фразеологиялық түйдек кейбір фразеологиялық орамдармен
сыйыстырыла жұмсалып, фразеологиялық бір бүтінге айнала бастайды.
Мысалы:
Ей Қыдырбай, жылаған мен жаны күйген бүгін кеп тұрған.
Біз қу жанды шүберекке түйіп кеп тұрмыз, білдің бе? Сен де шараңнан
аса берме
(М.Әуезов.Түнгі сарын).
Жалпытілдік қолданыста бар мұндай сыйыстыру фразеологизмдердің
экспрессиялық ренкін бұрынғыдан да күшейте түседі.
жаны шыққанша
жанын шүберекке түйді
жаны көзіне көрінді
шыбын --------
жанын қоярға жер таппады
қу ----------
жаны күйзелді
жаны мұрнының ұшына
тақалды
жан(ы) аман болса
жаны қалмады
Жалпытілдік қолданыста фразеологизмнің контоминацияланған
нұсқасының лексикалық құрамы серіктес сөздермен тіркесу арқылы да
одан әрі жаймалана түсуі ықтимал:
бір қу жанды қоярға жер таппай
жүргенде; бір ғана шыбын жаның аман болса.
Екі бөлек фразеологизмдерді (
қу жан
–
жанды шүберекке түю)
сыйыстыра қолданудың нәтижесінде пайда болған нұсқа
(қу жанды
шүберекке түю)
тілдік единица статусына ие болған фразеологизм
вариантына жата ма, әлде сөз қолданыстағы вариацияға жата ма? Бұл
қазақ лексикографиясында әлі толық шешімін таппаған деуге болады.
Осымен байланысты кейбір фразеологиялық единицалардың шекарасын
55
айқындау кейде қиындай түседі. Мысалы,
жоғарыда көрсетілген
фразеологизмдердің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» (1977)
жанын шүберекке түйді
деген нұсқалары берілген де, бұл
фразеологизмдердің
қу
мен келетін нұсқасы –
қу жаннын шүберекке
түйді
берілмеген. Бұл типтес фразеологизмдердің онтомдық «Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде» де берілуі бірізді емес.
Достарыңызбен бөлісу: