мысалдардан байқауға болады. Мысалы,
үкі
– құс,
үкі
–
тақия мен
домбыраға әшекей үшін тағатын қауырсынның атауы.
Сонымен
жазира
сөзі бүтіннің бөлшегін (оазисті) білдіретін атауға
көшті. Кең байтақ қазақ даласы ұлы теңіз тәрізді көрінсе, оның әсем
көріністі Көкше, Қарқаралы тәрізді оазистері аралға ұқсас еді. Осындай
оазистер
жазира, гүл жазира, жасыл жазира
делініп ерекше реңмен
аталып жетса, еш жаттығы жоқ. Оны жаман нышанға жоруға болмайды.
Кейбір тілдерде, мысалы моңғол тілінде
арал
сөзі «түбек», «остров»,
әрі «оазис» мағынасын білдіреді
59
.
Ертедегі түркілерде де
арал
сөзі 1) остров, 2) оазис деген екі түрлі
мағынаны білдірген болуы керек.
Арал теңізі
деген географиялық
атаудың жасалуына осы сөздің екінші мағынасы (оазис)
негіз болуы
ықтимал. Шөл мұхитының арасынан бұл теңіз аралдай (оазистей) болып
көрінсе керек. Бұл – сөздің ұқсату заңдылығы бойынша аталуы. Сөздің
кейде бүтіннің бөлшегін білдіретін мағынада жұсалуы немесе ұқсату
арқылы өзгеріп отыруы тіл-тілде болатын заңды құбылыс. Одан
бейхабар жанға мұндай өзгерістер білместіктен кеткен ағат қолданыстай
болып көрінеді. Егер осындай қисынды өзгерістерді мойындамасақ,
қазіргі қолданылып жүрген
шебер
сөзінің мағынасынан да бас тартқан
болар едік. Қазіргі тілімізде «он қолынан өнер тамған адамды»
шебер
деп атасақ, әуелі баста ол «сұлу» деген мағынаны анғартқан. Моңғол
тілінде
цэвэр
– әсем, әлемі, таза, сұлу дегенді білдіреді. Тілдегі құбылыс
із-тозсыз кетпейді. Бұл сөздің «сұлу», «әсем» деген көне мағынасы эпос
тілінде сақталған:
Көктем мезгіл болғанда,
Көктен құйған тамшыдай.
Шебер қыздың қолында,
Балдағы алтын қамшыдай
(Қобыланды).
Тіл мәдениеті, сөз шеберлігі жайында сөз қозғамақ болған
мақалалардың тағы бірінен дұрыс
қолданысты бұрысқа шығарған
мынадай «түзетуді» де оқыр едік: «Ақын Ысырайыл Сапарбаевтың
«Орман сыры» атты өлеңі біздіңше жаман жазылмаған сияқты... Бірақ
бір қарын майды бір құмалақ шірітетіндей, осында орынсыз алынған бір
сөз ырықты бұзып-ақ тұр.
59
Моңғолша-ағылшынша сөздік. Лос-Анджелес, 1960, 48-б.
50