бір кезден, шақтан өтті» дегенді білдіреді. Мұндағы кез, шақ байырғы
әдебиетте "алпыс үш жас"дегенді аңғартса керек.
Ертеректегі қазақ
салтында мүшел жасты да (13, 25, 37,49,61 т.б.) қасиетті деп есептеген.
Сондықтан мүшел жастың біріне толған аламды «тым алыс сапарға
шықпайды», «көзсіз тәуекелге бармайды», «қауіп-қатерден
сақтанып
жүреді» деп отырады. Немесе мүшел жасты тура атамай орағыта айтқан.
Бұлбұл үнді Біржан салдың ақын Сарамен айтысында «
Адымым күні
бүгін қалыбында, Екі жыл отыз беске келгеніме»
деуінде,
бәлкім
осындай сырдың болуы да ықтимал. Әрине, санды тура атамаудың бұдан
басқа да өзге орайлары бар. Мысалы, ақ берен ақын Есет Қараұлының
(1779-1860):
Назданып аяқ көсілген,
Сылдырап белін шешінген.
Алма мойын арудың,
Ажары кетер бетінен.
Достарыңызбен бөлісу: