Он екі сәт.
Он сегіз мың ғалам, он екі сәт, мың бір ғалам он екі сәт.
Он сегіз мың ғалам; мың бір ғалам
деген фразеологизмдер «әлемдегі
барша тіршілік» дегенді аңғартады.
Бұл сөздер «он екі сәт» тіркесімен бір қолданыла келіп, «ұзақ
мерзім» дегенді білдіреді.
- О, бұл (қой) әлі ет болғанша
мың бір әлем он екі сәт.
Мұнан қашан әкетеді? Ет комбинатына апарған күні қабылдай қоя
ма, жоқ па?
( Қазыбеков Нұрқасым. Хат // «Жұлдыз», 1986, 127- б.).
Қазақтың халық календарын зерттеуші белгілі ғалым М.Ысқақов
кейбір түркі халықтары, оның ішінде ұйғырлар тәулікті он екі шаққа
(сағатқа) бөлген деген Ұлықбектің мағлұматына назар аударады
24
.
Тәулікті он екі шаққа бөліп, оны екі жыл есебімен атау моңғол
22
Молдобаев И.Б. Эпос "Жаныш и Байыш" как историко-этнографический
источник. Фрунзе, 1983, 146-б.
23
Ногайско-русский словарь. М., 1963, 284-б.
24
Ысқақов М. Халық календары. Алматы, 1980, 220-б.
31
халықтарында да бар; 1.
хулгана цаг -
тышқан шақ, 2.
ухер цаг -
сиыр
шақ, 3.
бар цаг -
барыс шақ, 4.
туулай цаг -
қоян шақ, 5.
луу цаг -
ұлу
шақ,
6. моғай цаг -
қоян шақ, 7.
морин цаг -
жылқы шақ, 8.
хонин цаг -
қой шақ, 9.
бичин цаг -
мешін шақ, 10.
тахиа цаг -
тауық шақ, 11.
нохой
цаг -
ит шақ,
12. гахай цаг -
доңыз шақ
25
.
Көнелік белгі сөзде, әсіресе фразеологиялық тіркестерде шегенделіп
қалды. Қазақ тілінде
он екі сәт
тәрізді тұрақты сөз тіркесінің немесе
сиыр сәске, сиыр түс
тәрізді шақ атауларының болуы тегін емес. Бұлар
тәулікті он екі шаққа (сәтке) бөліп, әрқайсысын мүшел жыл есебіндегі
сөздермен атау дәстүрінен қалған «жұрнақ» болуы ықтимал. Тәулік
ішіндегі шақтарға қатысты айтылатын, бірақ қазіргі кезде ұмыт болып
бара жатқан тағы бір тұрақты сөз тіркесін кездестірдік. Ол –
қозы түс.
Бәрін де қойшы... қозы түс өтті аяулы.
Тал түс те кетті, бесін де міні таянды
Мына жалғанда не калар дейсің баянды?
Кезекпе-кезек бәрі де жылжып таяр-ды
(М.Мақатаев).
Осы жолдарды оқи отырып, ұмыт болып бара жатқан, этнографиялық
мазмұнға ие мұндай сөзді қағаз бетіне түсіріп кеткен ақын қаламын
ризалықпен еске аласыз.
Мүшел жыл есебі, айды аптаға, аптаны күнге бөлу тәрізді түркі
халықтарының халық календары мен астрономиясындағы ерекшелік
ертеректе
Ә.Диваев, А.Н.Самойлович, В.Гордлевский, Б.А.Куфтиннің
т.б.
еңбектерінде зерттеліп, арнаулы монографиялар жарияланды
26
. Халық
календары мен астрономиясы терминдерінің бірсыпырасы
лингвистикалық материал есебінде сөздіктерде
27
беріліп, зерттеу
мақалалар
28
жазылды. Ал бұлармен салыстырғанда, тәулік ішінде шақ,
мезгілдің халықтық атаулары, жеке сөздер мен фразеологиялық тіркестер
жол-жөнекей айтылғаны болмаса, арнайы қарастырылмаған деуге
болады.
25
Базылхан Б. Моңғолша-қазақша сөздік. Уланбаатар-Өлгии, 1984, 880-б.
26
Әбішев X. Аспан сыры. Алматы, 1966.
27
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.
28
Құрышжанов Ә. Көне қыпшақ тіліндегі ай мен күн атаулары//Исследования по тюркологии. Алма-
Ата, 1969, Мұсаев К. М.. Лексика тюркских языков в сравнительком освещении. М., 1975.
32
Сағат.
Қазіргі кезде тәуліктің шақтары сағат тілімен өлшенетіндігі
белгілі. Күнделікті тұрмыста мезгілді көбіне сағат бойынша айту
дағдыға айналды. Алайда құрал ретінде сағаттың тұрмыста қолданыла
бастағанына айтарлықтай көп уақыт бола қойған жоқ. Олай болса сағат
сыртылына дейін, тіпті одан көп бұрын, тәулік қандай шақтарға бөлініп,
олар халық тілінде қалай аталады?
Алдымен, бір назар аударатын нәрсе, тілімізде сағат деген сөздің өзі
қалта сағат, қол сағат, қабырға сағаттарының
тұрмысымызға бауыр
басуынан көп бұрын қолданылған деуге болады. Халқымыздың байырғы
жыр мұрасының бірі «Қыз Жібекте»
: «Пұл жібердім қалаға бисағат
күні, құдая»
дейді. Сөзбе-сөз айтсақ: мұндағы
би-бей-сағат
–
сағатсыз
(сәтсіз)
деген сөз. Бұған қарағанда сағат әуелде «уақытты көрсететін
құралдың» атауы емес, «сәт» деген мағынаны білдіретін сөз екенін
байқаймыз. «Шақ» сөзімен мағыналас
сәт
атауы бастапқыдағы сағаттың
дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі (тілімізде араб тілінен енген кейбір
сөздердегі [ғ], [қ], [х] дыбыстары сөз басында, дауыстылардың
аралығында көмескіленіп, айтылмауынан сөздің жуан тұрқы өзгеріп,
жіңішке сапаға көшеді:
хакім - әкім, ғылым - ілім, һауа - әуе
т.б.).
Қолданыла келе
сағат, сәт
варианттары қызмет бөлісті: сағат –
«мезгілді көрсететін құралдың» атына айналды да,
сәт
сөзі шақ
атауымен синонимдік қатар түзді.
Достарыңызбен бөлісу: |