23
INCREMENT BY 10
START WITH 100
2. Синонимдер.
a) DEPT_SUM_VU ұсынысы үшін әлдеқайда қысқа атау беріңіз.
CREATE SYNONYM d_sum FOR dept_sum_vu
b) Алиса пайдаланушысына тиесілі болатын DEPT кестесі үшін ортақ
пайдалануға тиесілі синонимін DEPT құрыңыз:
CREATE PUBLIC SYNONYM dept FOR alice.deptartments
3. Ұсыныстар жасау.
50 бөлімшесінде жұмыс жасайтындар үшін ақпаратпен EMPVU80
ұсынысын жасау.
CREATE VIEW
salvu50
AS
SELECT employee_id IDNUMBER, last_name NAME,
salary*12 ANN_SALARY
FROM employees WHERE department_id = 50
Кестелік кеңістік.
Oracle-дағы кестелік еңістік — бұл деректерді
сақтаудың логикалық
құрылымы [4]. Өңдеушілер кестелік кеңістіктерде сегменттер құрады.
Кестелік кеңістік – абстракцияның жоғары деңгейі. Келесі қасиеттерге ие:
1) Oracle деректер базасы кестелік кеңістіктер деп аталатын әлдеқайда
ұсақ облыстарға логикалық топтастырылуы мүмкін.
2) Кестелік кеңістіктер бір ғана деректер қорына жатуы мүмкін.
3) Әрбір кестелік кеңістіктер бір немесе бірнеше деректер файлынан
тұрады.
4) Кестелік кеңістіктерде бір немесе бірнеше
деректер сегменті болуы
мүмкін.
5) Кестелік кеңістіктер белсенді ережеге (online) ауыстырылуы мүмкін,
ол жерде деректер пайдаланушылар үшін қолжетімді, немесе белсенді емес
(автономды, offline) ереже, ол жерде файлдар
жабық болады және деректер
пайдалнушылар үшін қолжетімсіз.
6) Кестелік кеңістіктерді «тек қана оқу» (Read only) режиміне немесе
жазу (read write) режиміне ауыстыруға болады.
Oracle ДҚ құру үдерісінде автоматты түрде, пайдаланушылар үшін
арнайы SYSTEM кестелік кеңістігі құрылады. Үлкен емес деректер базасы
үшін де осы кестелік кеңістік жетіп жатыр, алайда бәрібір қосымша кестелік
кеңістіктерді мәліметті пайдаланушылар үшін құрған жөн. SYSTEM кестелік
кеңістігінде деректер сөздігі сақталады.
Деректер сөздігінде кестелер,
индекстер, кластерлер және т.б. туралы ақпараттар болады.
Деректер қорын құрғаннан кейін SYSTEM кестелік кеңістігін ешқашан
үнсіз келісім бойынша қалдырмауды ұмынады. Не деректер қорын құру
кезінде өзгертіңіз, не мәліметер қорын құрғаннан кейін басқа кестелік
кеңістікті үнсіз келісім бойынша көрсетіңіз.
24
Кестелік кеңістікті құрған кезде файлдың қандай типі, үлкен немесе
кіші
екендігі, экстенттерді пайдаланудың қандай типі, локальді ма, әлде
деректер сөздігі ме, және де кеңістіктік сегменттермен басқару – автоматты
немесе қолмен жүргізілетінін таңдап алу керек. Кестелік кеңістіктерді құру,
жою және өзгерту үшін, пайдаланушы келесі мүмкіндіктерге ие болуы керек
Достарыңызбен бөлісу: