4 сағаттан кейін:
-баланың жағдайын қайтадан бағалаңыз
және сусыздану дәрежесін
анықтаңыз.
-емдеуді жалғастырудың жоспарын таңдаңыз.
-баланы тамақтандыруды медициналық мекемеде бастаңыз
Егер анасы медициналық мекемеде емдеу аяқталғанша қала алмайтын
болса:
-үйде ОРТ ерітіндісін қалай дайындау керек
екенін көрсетіңіз
-анасына 4 сағаттық емдеу курсын аяқтау үшін ОРТ ерітіндісін қанша
көлемде беру керек екенін түсіндіріңіз
-анасын
регидратацияны аяқтау үшін жеткілікті мөлшерде ОРТ
қалташаларымен қамтамасыз етіңіз. А жоспарында ұсынылғандай 2 қалташа
артық беріңіз.
-Үйде емдеудің 4 ережесін түсіндіріңіз:
1.сұйықтықты мол беру
2.мырыш препараттарын беру
3.тамақтандыруды жалғастыру
4.қандай жағдайларда ауруханаға қайта қаралу керектігін білу
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ
ТІКЕЛЕЙ ТІК ІШЕКТЕН НӘЖІСТІ АЛУ
Мақсаты:
диагностикалық
жұқпалы
ішек
ауруларының
қоздырғыштарын айқындау,
арнайы топтағы
адамдарды (реконвалесцентті)
тексеру.
Қолдану көрсетілімдері:
ішектің микрофлорасын зерттеу,
жедел ішек
инфекциялары.
Дайындаңыз:
мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған, ортасында
алюмин ілмегі, консервант ерітіндісі бар
залалсыздандырылған шыны
пробирка, қолғапты, маска, форма бойынша жазылган жолдаманы,
клеенканы, шыны
пробиркаға арналған штатив, стеклографты, штативті
тасымалдауға арналған
контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған
контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: