Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет35/65
Дата30.03.2023
өлшемі3,24 Mb.
#173320
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Іс-әрекет алгоритмі: 
1)
Анасына емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін 
алыңыз. 
2)
Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты жайыңыз. Сүлгіні қасыңызға 
қойыңыз, тазалау клизмасы болғаннан кейін баланы құрғату үшін. 
3)
Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз. Гигиеналық деңгейде 
қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. 


4)
Баллончикті оң қолымызға алып ауасын шығарып, су жинаңыз (жаңа 
туған балаларға 20-30 мл, емшек жасындағы балаларға 50 -100 мл, 1- 3жас 
аралығына 200 -250 мл). 
5)
Ұшықты вазелин майымен майлаңыз. 
6)
Баланы сол жақ қырына жатқызып, аяғын ішне бүгіп жатқызыңыз. 6 айға 
дейінгі балаларды шалқасынан жатқызып аяғын көтеріңкі ұстауға болады. 
7)
Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен 
абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, 
әуелі кіндікке қарай 1 - 2см содан соң құйымшаққа қарай параллелъ түрде 
енгізіңыз.
8)
Резин баллонды жаймен баса отырып, суды жіберіңіз де, баллонды басқан 
күйінде тік ішектен шығарып алыңыз. 
9)
3- 5 минут бойына құйрығын қысып, ұстаңыз. 
10)
Баланы арқасымен жатқызып, нәжісі немесе дефекация сезімі (үлкен 
дәретке отыру) пайда болғанша аралығына жаялық қойыңыз. 
11)
Дефекация актінен кейін баланың аралығын жуып, сүлгімен 
құрғатыңыз. Баланы киіндіріңіз. 
12)
Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісіне 
салыңыз. 
13)
Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз. 
14)
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Қолғапты қауіпсіз жоюға арналған 
контейнерге салыңыз. 
Құсқан балаға көмек көрсету 
Мақсаты: 
жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түсінің 
алдын алу 
Дайындаңыз:
сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, 
резин баллонді, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, 
стаканды, қақпағы бар таза құрғақ банканы, қауіпсіз жоюға арналған 
контейнерді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет