жиырылып күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні
нәжіс зерттеуге алынады.
3.
Нәжіс зерттеуге таңертең, зерттеу жүргізілетін күні алынады.
4.
Флаконға науқастың аты, тегі, туған жылы, бөлімнің аты көрсетілген
этикетка жабыстырыңыз.
5.
Қолыңызға қолғапты киіңіз.
6.
Нәжісті зерттеуге жинар алдында, баланы таза жуылған, қайнап тұрған
сумен шайылған түбекке отырғызыңыз.
7.
Нәжістің әрбір жерінен (әсіресе патологиялық қоспалары бар бөлігінен)
15-20 г нәжісті таяқшамен алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын
жабаңыз.
8.
Егер анасы жинайтын болса, анасына нәжісті жинау техникасын
түсіндіріңіз.
9.
Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз, қолыңызды жуып, құрғатаңыз.
10.
Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға
апарыңыз.
Ескерту:
Зерттеуге нәжісті жылы күйінде 1 сағат ішінде жіберіңіз.
Жана туған және ерте жастағы балаларға тазалау клизмасын кою
Максаты:
тоқ ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желді
шығару.
Қолдану көрсетілімдері:
іш қату, улану, дәрілік және майлы
клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін
рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.
Дайындаңыз:
залалсыздандырылған: Резеңке баллондар ( № 1- 6),
ұштықты, вазелинді, резин қолғапты, клеенкалы алжапқышты, клеенка
жаялық, сүлгі, лоток пайданланған заттарға арналған, түбек (горшок),
зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді
(ҚЖАК).
Достарыңызбен бөлісу: