Егуден кейін бала 30 минут емханада
дәрігердің бақылауында
болады. Инактивацияланған вакцина егуден кейін 3 күн, тірі вакцина егуден
кейін 5-6-ші және 10-11-ші күндері үйінде бақылауда болады. Егуден кейін
болатын асқынулар туралы ата-анасына мәлімет береді.
Егер егуден кейін жағымсыз реакция пайда болса, шұғыл хабарлама
СЭҚБ – ға беріледі, асқыну себебін анықтау үшін толық тексеру жүргізіледі.
Қолданбаған вакцина қалдықтарын жою тәртібі.
Қолданбаған ампула
және флакондағы вакцина қалдықтарын егу жасаған медицина қызметкері
төмендегі әдістердің бірімен залалсыздайды:
1.
30 минут қайнату ( сібір күйдіргісінде 2 сағат);
2.
Дезинфекциялық ерітіндіге толық батыру.
Қолданған шприц пен инелерді қауіпсіз қатты қорапқа жинау, өртеу
арқылы жою қажет, оларды бөлшектеуге, жууға, тазалауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: