Мысалы, олар:
«Ал біреу бай болса, онда тартынсын да біреу жарлы болса,
орнымен жесін»
(«Ниса» сүресі, 6),–
аяты:
«Негізінен сондай жетімдердің
малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған
болады. Сондай-ақ жалындаған тозаққа кіреді»
(«Ниса» сүресі, 10),– деген
аяттың үкімін жойғандығын айтқан. Негізінде, бірінші аят – насих емес, керісінше,
екінші аятты баяндап, түсіндіріп келген.
г) Шын мәнісінде, қарама-қайшылығы жоқ аяттарды – мағыналары бір-біріне
қайшы деп табуы.
Мысалы, кейбірі:
«Өздеріне берген несібемізден береді»
(«Бақара» сүресі, 3),
«Өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар»
(«Мұнафиқун» сүресі, 10),– деген аяттардың мағыналары зекетті бекітіп келген
аятқа қарама-қайшы келеді деген оймен, үкімдерінің жойылғандығын алға тартады.
Негізінде, аталған екі аяттың да зекетті бұйырып келген аяттарға ешбір қайшылығы
жоқ. Онда зекет те, әркімнің өз қалауындағы садақалар мен жақын туыстарына
беретін көмек, жәрдемдер де қамтылады.
Танымал тәпсіршілер мен көпшілік ғалымдар Құран Кәрімде насыхтың
орын алғандығын қабылдаған. Олар өз көзқарастарын Құран Кәрімнің
:
1) «
Достарыңызбен бөлісу: