бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір
шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түнімен күндізді
шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан
сендерге рақым қылды. Ал, енді, Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар»
(«Муззаммил» сүресі, 20) аят үкімімен жойылған.
Имам әс-Суюти аталған жиырма екі аяттың
кейбірінде көзқарастар
болғанымен барлығының үкімі жойылғандығын келтірген. Алайда, ол: «Ниса»
сүресінің 8-аяты мен «Нұр» сүресінің 58-аяттары мухкам,
яғни мансұх
қылынбағандығы шындыққа жақын»,– дей отырып, қалған жиырма аяттың нақты
мансұхталғанын білдірген
42
.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
Насых дегеніміз не? Насыхты білудің шариғаттағы маңыздылығы қандай?
Насыхтың шарттары мен анықтау жолдарын түсіндіріп беріңіз.
Насыхқа қатысты ислам ғалымдарының көзқарастары қандай? Бұған өз
көзқарасыңызды білдіріңіз.
Құран аятының үкімі жойылып, аяттың сақталуының қандай сыры бар
деп ойлайсыз?
Жеңіл үкімнің ауыр үкіммен ауыстырылуы мүмкін бе?
42
Әс-Суюти, Әл-Итқан, 467-б.