5. «Олар сенен құрметті айда соғысу жайлы сұрайды. Оларға: «Ол айда
соғысу
–
зор күнә»
,–
де»
(«Бақара» сүресі, 217) аятының үкімі:
«Сондай-ақ
мүшіріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей
соғысыңдар»
(«Тәубе» сүресі, 36) аятымен күші жойылған.
Әбу Жағфар ән-Наххастың айтуы бойынша бұл аят үкімінің жойылғандығына
Ата ибн Әбу Рабахтан басқа ғалымдардың барлығы келіскен. Дегенмен, көпшілік
ғалымдар кейінгі аяттың құрметті айлардан басқа уақыттарға қатысты келгендігін
алға тартып, аяттың үкімі жойылмаған деп біледі. Сонымен қатар, құрметті айларда
соғысудың тыйым салынуы жалғасын тауып отыр
35
.
Басқа көзқарастарда бұл аяттың
«Ал, қашан құрметті айлар шықса, сонда
мүшіріктерді қайдан тапсаңдар да өлтіріңдер»
(«Тәубе» сүресі, 5) аятымен үкімі
жойылғандығы айтылады.
6. «
Сендерден қайтыс болып, артында әйелдерін қалдырса, әйелдерің бір
жылға дейін
(үйлерінен)
шықпауына өсиет етсін. Егер өздері шығып, олардың
өздеріне байланысты дұрыс істеулерінде сендерге бір жауапкершілік жоқ.
Алла аса үстем, хикмет иесі»
(«Бақара» сүресі, 240) аятының үкімі, осы сүредегі
«Сендерден қайтыс болып
(артында)
қалдырған әйелдердің өздері; төрт ай он
күн
(идда)
күтеді. Әрқашан олардың белгілі иддасы бітсе, олардың өздеріне
игілікпен істегендері үшін
(үйлену үшін киініп, басқаға тұрмыс құруы)
сендерге
күнә жоқ. Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы»
(«Бақара» сүресі, 234),–
деген аятпен мансұхталған.
Бірінші аятта ері қайтыс болған әйелге бір жыл бойы үйінен шықпауы және
сол мерзімде нәпақасының берілуі өсиет етілсе, екінші аятта оның төрт ай он күн
мерзім ғана күтетіндігі, осы уақыт аралығында басқа адамға тұрмысқа шығуы
тыйым салынатындығы білдірілген. Көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша,
аталған аяттар насих және мансұх болып табылады. Кейбір зерттеушілер, күйеуі
қайтқан жүкті әйелдің бір жыл мерзім күтетіндігін айтып, алғашқы аяттың үкімі
жойылмай, тек екінші аятпен тахис (жалқылау) қылынғандығын алға тартқан.
7.
Достарыңызбен бөлісу: |