«Мужәдәлә» сүресі, 12; «Мумтахина» сүресі, 1 және «Муззаммил» сүресінің 2-4-
аяттарынан тұратын 22 аят мансұх болып есептеледі. Осы аяттарға тоқталайық.
«Бақара» сүресіндегі аяттар:
1. «Шығыс, батыс, әр тарап Аллаға тән. Сондықтан, қай жаққа бет
қаратсаңдар да Алланың жүзі
(ризалығы)
сол жақта»
(«Бақара» сүресі,115)
аятының үкімі:
«Енді жүзіңді Харам мешіті тарапына бұр. Қай жерде болсаңдар
да жүздеріңді сол жаққа бұрыңдар»
(«Бақара» сүресі, 144) аятымен жойылған.
Өйткені, алғашқы аятта, намазды құбыладан басқа
бағытқа қарап оқуға рұқсат
етілсе, кейінгі келген аятта, намазды Харам мешітіне қарай ғана бағыттап оқу қажет
екендігін бекітеді. Бірақ, бұл екі аяттың бірі – насих, екіншісі – мансұх екендігіне
қатысты әртүрлі пікірлер айтылады. Мәселен:
а) Имам әс-Суюти бірінші аяттың, Ибн Аббастың (р.а.) пікірі бойынша үкімі
жойылғандығын айтқан
33
. Қатәдә және басқа да ғалымдар осы пікірді ұстанған.
ә) Ибн Омардың пікірі бойынша, аят – көлік үстінде оқылған нәпіл намазға
қатысты келген, үкімі жойылмаған.
б) Мужаһид аятты, дұғаның құбыласына қатысты келгендігін айтқан.
в) Кейбір деректерде бұл аяттар насих та, мансұх та емес. Мухкам аяттар
болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: