Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


 Құран Кәрімдегі мансұхталған аятардың мысалдары



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх
Балама қаражат институттары, Снимок экрана 2020—07—25 в 09.14.22, Ешенқұл Алуа БӨЖ хаттама №5 2, Жарасбекова Аружан жолдау, @kaznmu.kz, @doc
7. Құран Кәрімдегі мансұхталған аятардың мысалдары 
 
Имам әс-Суютидің пікірі бойынша: «Бақара» сүресі, 115, 180,183,184, 217, 240, 
482; «Әли Имран» сүресі, 102; «Ниса сүресі», 8, 15-16, 53; Мәида сүресі, 2, 42, 106: 
«Әнфәл» сүресі, 65; «Нұр сүресі», 3, 58; «Тәубе» сүресі, 41; «Ахзаб» сүресі, 52; 
26
Әл-Бәйһақи, Әс-Сунән әс-суғра, 3203; Ән-Нәсәи, әс-Сунән, 7150; Әз-Зәркаши, Әл-Бурһан, 2/35-37-б. Әз-
Зәрқани, Мәнәһилу әл-ирфан, 2/237-б. 
27
Ахмед, Муснәд, 5/132; Ән-Нәсәи, Әс-Сунан, 7150; Әл-Хаким, Мустадрак, 4/359. 
28
Жамалуддин Әбу әл-Фәра́ж Абдуррахман ибн Али ибн Мұхаммед әл-Жаузи (508/1116 - 597/1201) – 
Ирактық ханбали мазһабының танымал фикһ, хадис ғалымы.
29
Әбу Абдуллаһ Мұхаммед ибн Хазым (320/1064) жылы дүние салған. Әндалусиялық хадис ғалымы. «Насих 
және мансұх» атты кітаптың авторы. Бұл танымал фиқһ ғалымы, заһири мәзһабының өкілі Ибн Хазым емес.
30
Әбу әл-Қасым Һибатуллаһ ибн Сәләмә (410/1019) жылы дүние салған. Тәпсір ғалымы. «Құрандағы насих 
және мансұх», «Хадистегі насих және мансұх» атты еңбектері бар.
31
Ахмед ибн Мұхаммед әл-Муради әл-Мысри (338/949) жылы дүние салған. Құран ілімдеріне оның ішінде 
насих және мансұх тақырыбына қатысты бірнеше еңбектері бар. 
32
Док. Әс-Сайх Али Хусейн. Мәдхал әд-дирасати әл-Құрания, 230-б


«Мужәдәлә» сүресі, 12; «Мумтахина» сүресі, 1 және «Муззаммил» сүресінің 2-4-
аяттарынан тұратын 22 аят мансұх болып есептеледі. Осы аяттарға тоқталайық. 
«Бақара» сүресіндегі аяттар: 
1. «Шығыс, батыс, әр тарап Аллаға тән. Сондықтан, қай жаққа бет 
қаратсаңдар да Алланың жүзі 
(ризалығы)
сол жақта»
(«Бақара» сүресі,115) 
аятының үкімі: 
«Енді жүзіңді Харам мешіті тарапына бұр. Қай жерде болсаңдар 
да жүздеріңді сол жаққа бұрыңдар»
(«Бақара» сүресі, 144) аятымен жойылған. 
Өйткені, алғашқы аятта, намазды құбыладан басқа бағытқа қарап оқуға рұқсат 
етілсе, кейінгі келген аятта, намазды Харам мешітіне қарай ғана бағыттап оқу қажет 
екендігін бекітеді. Бірақ, бұл екі аяттың бірі – насих, екіншісі – мансұх екендігіне 
қатысты әртүрлі пікірлер айтылады. Мәселен:
а) Имам әс-Суюти бірінші аяттың, Ибн Аббастың (р.а.) пікірі бойынша үкімі 
жойылғандығын айтқан
33
. Қатәдә және басқа да ғалымдар осы пікірді ұстанған. 
ә) Ибн Омардың пікірі бойынша, аят – көлік үстінде оқылған нәпіл намазға 
қатысты келген, үкімі жойылмаған. 
б) Мужаһид аятты, дұғаның құбыласына қатысты келгендігін айтқан. 
в) Кейбір деректерде бұл аяттар насих та, мансұх та емес. Мухкам аяттар 
болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет