Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх
Балама қаражат институттары, Снимок экрана 2020—07—25 в 09.14.22, Ешенқұл Алуа БӨЖ хаттама №5 2, Жарасбекова Аружан жолдау, @kaznmu.kz, @doc
«Ей, иман келтіргендер
Пайғамбармен оңаша сөйлескен кезде, оңаша кездесудің алдында садақа 
беріңдер» 
(«Мужәдәлә» сүресі, 12) аяты осы сүренің: 
«Пайғамбармен оңаша 
сөйлесуден бұрын садақа беруден тартындыңдар ма? Оны істемесеңдер де 
Алла сендерді кешірді. Ал, енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. 
20
Муслим, Әс-Сахих 37. 
21
Муслим, Әс-Сахих, 106; Ән-Нәсәи, Әс-Сунан, 100.
22
Муслим, Әс-Сахих, 1452.
23
Марфуғ хадис дегеніміз – тізбегі пайғамбарымызға (с.а.с.) жеткен хадис. Яғни пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
сөзі, ісі және құптағандары. 
24
Маннағ әл-Қаттан, Мабахису фи улуми әл-Құран, 230 б. 
25
Әл-Кәфияжи, Китабу әт-тәйсир фи қауағиди илми әт-тәфсир, аударған: Исмайыл Жаррахоглу, 75-76-б.


Сондай-ақ Аллаға, елшісіне бағыныңдар. Алла істегендеріңнен толық хабар 
алушы» 
(«Мужәдәлә» сүресі, 13),– деген аятымен
 
мансұхталған. Бұл жерде бірінші 
аяттың үкімі екінші аятпен жойылған. Бірақ аяттың оқылуы сақталған. Осы секілді 
бірқатар мысалдарды келтіруге болады.
3) 
Аяттың оқылуы жойылып, үкімінің сақталуы.
Бұған қарт әрі отбасылы 
зинақорлардың жазасына қатысты келген аяттың мансұхталуы мысал болады. Яғни 
Омар ибн әл-Хаттаб пен Убәй ибн Кағыбтан жеткен хадисте: 
«Түсірілген Құран 
(аяттарының)
ішінде: «Егер қарт ер мен әйел зина жасайтын болса, ол екеуіне 
міндетті түрде тасборан 
(жазасын)
орындаңдар»
,–
деген 
(аят) 
болған»
26
,
– деп 
келеді. 
Бұндай аяттың қолымыздағы Құранда, қарилардың жадында жоқ екендігі 
белгілі. Бірақ, оның үкімі сақталған.
Сол секілді бұған Убәй ибн Кағыбтың: «Ахзәб» сүресі «Бақара» сүресіне тең 
келетін немесе ұзақ та болатын»
27
,– деген сөзі мен жоғарыда сүт туыстығына 
қатысты айтылған аятты да мысал ретінде келтіруге болады.
Құран Кәрімде насих және мансұх аяттардың орын алғандығын құптаған 
ғалымдардың әлсіз тұстары – олардың, Құран Кәрімдегі мансұх аяттардың санына 
бір ауыздан келіспеуі. Олардың арасында мансұх аяттардың бес жүзге жуық 
екендігін айтқандармен қатар, оны төрт қана аятпен шектегендер де бар. 
Мысалы, 
Абдуррахман ибн әл-Жәузи
28
мансұх аяттардың санын – 247 десе, Мұхаммед ибн 
Хазым
29
– 214, Һибатуллаһ ибн Сәләмә
30
– 213, Әбу Жағфар ән-Наххас
31
– 134 үкімі 
жойылған аят барын айтқан
32

Кейінгі келген бірқатар ғалымдар Жәләлуддин әс-
Суютидің көзқарасын қолдай отырып, 22 аят мансұхталғанын айтса, 
әд-Дәһләуи 
зерттей келе, үкімі жойылған аяттардың санын бесеуге түсіргенін айттық.
Насых мәселесі Құран ілімдері мен тәпсір негіздеріне қатысты жазылған 
кітаптарда қарастырылғанымен кейбір ғалымдар бұл тақырыпқа арнайы еңбектер 
жазған. Оған Қатәдә ибн Диғама, Әбу Ұбайд әл-Қасым ибн Сәлләм, Әбу Жағфар 
ән-Наххас, Һибәтуллаһ ибн Сәләмә, Ибн әл-Жәузи, Мәкки ибн Әбу Талиб және 
Жәләлуддин әс-Суюути секілді ғалымдардың еңбектерін айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет