Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх
Балама қаражат институттары, Снимок экрана 2020—07—25 в 09.14.22, Ешенқұл Алуа БӨЖ хаттама №5 2, Жарасбекова Аружан жолдау, @kaznmu.kz, @doc
 
4. 
Насыхтың ақылға қонымды екендігі және бұрынғы шариғаттарда 
орын алуы 
 
Насыхтың ақылға қайшы келмейтіндігіне күнделікті өмірімізден мысал 
келтіруге болады. Мысалы, кейде қабылданған шешім, кейін белгілі бір себептерге 
сай өзгеріп жатады. Бұны дәрігердің науқас адамдарға ем қолдану барысынан
ананың баласын бағып-қағуы мен оқытушының оқушыларына тәлім-тәрбие беру 
кезінде жеңілден – ауырға, қарапайымнан – күрделіге бірте-бірте көшу 
тәсілдерінен аңғаруға болады.
Алғашқы пайғамбар – Адам (а.с.) мен ақырғы елші Мұхаммедке (с.а.с.) дейін 
келген барлық пайғамбарлардың шақырған иман негіздері бір-тұғын. Оған: 
«Расында әр үмбетке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ 
болыңдар” дейтін елші жібердік...» 
(«Нахыл» сүресі, 36),
«Сенен бұрын бір 
пайғамбар жіберсек, оған: "Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған 
ғана құлшылық қылыңдар" деп қана уахи етіп, жібердік» 
(«Әнбия» сүресі, 
25),– деген Құран аяттары дәлел. Иман негіздеріне қатысты келген мәтіндерде 
насых орын алмайды. Ал, әрбір пайғамбарға келген шариғат үкімдерінде бірқатар 
айырмашылықтар бар. Мысалы, Тәуратта Адам (а.с.) балаларының бір-біріне 
үйленуге рұқсат етілгендігі, бірақ кейін оның үкімі жойылғандығы айтылады. Сол 
секілді яһудилердің шариғатында сенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынса
Інжілде бұндай тыйым жоқ. Осы секілді мысалдар, насыхтың шариғаттар арасында 
орын алғандығына айқын дәлел. Соңғы түскен кітап – Құран Кәрім, бұрын келген 
кітаптар мен шариғаттарды мансұхтаған. 
Ал: 
«Жандарыңдағы Тәуратты растаушы Мен түсірген Құранға сеніңдер. 
Сондай-ақ оған алғаш қарсы келушілерден болмаңдар» 
(«Бақара» сүресі, 41)

«Олардың қасындағы Тәуратты растаушы Құран 
– 
хақ» 
(«Бақара» сүресі, 91)
секілді
15
Құран Кәрімнің кітап иелерінің қолдарындағы кітаптарын растап 
келгендігін білдіретін бірқатар аяттар барлық пайғамбарлардың алып келген иман 
негіздеріне қатысты. Өйткені, барлық пайғамбарлар бір иман негіздерін үндеген 
болатын. Бұл тұрғыда насых орын алмайды. Насых практикалық үкімдерде жүзеге 
15
Сол секілді «Бақара» сүресі, 97; «Ниса» сүресі, 47; «Мәида» сүресі, 48-аяттары.
Насых 
– 
сенімге 
қатысты мәтіндерде 
орын алмай 
шариғаттың бұйрық 
және тыйымдарында 
ғана болады.
 


асады. Әрбір елшінің жаңа бір шариғатпен келгендігі белгілі. Құран Кәрім де 
жалпылама және негіз тұрғысынан бұрынғы шариғаттарды растап келгенімен 
шариғат үкімдері тұрғысынан оларды мансұхтаған.
Құран Кәрімнің келуімен бұрынғы иләһи кітап үкімдерінің жойылуы 
заңдылық. Өйткені, Алла тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет