Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


Ахмед Хижази әс-Сақа «Құранда насых жоқ»



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх
Балама қаражат институттары, Снимок экрана 2020—07—25 в 09.14.22, Ешенқұл Алуа БӨЖ хаттама №5 2, Жарасбекова Аружан жолдау, @kaznmu.kz, @doc
Ахмед Хижази әс-Сақа «Құранда насых жоқ»
деген 
кітап жазған болатын
14

Құран аяттарының насых, мансұхына келген кезде, насыхты қабылдамаған 
ғалымдармен қатар, Құран Кәрімде жүздеген аяттардың мансұх болғандығын алға 
тартқандар, тіпті, «Тәубе» сүресінің бесінші аятымен үш жүзге тарта аяттар насых 
қылынған дегендер де бар. Әрине, бұның әсірелеушілік екендігі анық. Әз-Зурқани 
Құран Кәрімдегі насих және мансұх аяттар турасында әсірелеушілік танытқан 
ғалымдардың қателіктерінің бес себебін көрсеткен. Олар: 
а) Олардың белгілі бір себепке орай бекітілген үкімді себебі жойылуына 
байланысты мансұх деп ойлауы. 
Мысалы: Олар, мұсылмандар санының аздығы 
себепті әлсіздік танытқан шақта, кәпірлердің зорлық-зомбылықтарына қарсы 
сабырлыққа шақырған аят үкімдері оларға қарсы тұруға бұйырған аяттармен 
жойылған деп санайды. Әсілінде ол аяттардың үкімі жойылмаған. Керісінше
белгілі жағдайларға қатысты келген болатын. Яғни, Алла тағала мұсылмандардың 
қатары аз, күш-қуаты әлсіз болған уақытта, оларды аздығы мен әлсіздігі себепті 
соғыспауға, сабырлыққа шақырған еді. Ал, қатары көбейіп, күш-қуаты артқан 
кезде, оларға күштілігі мен көптігі себепті кәпірлерге қарсы тұруға бұйырған 
тұғын. Демек, үкім – себебіне байланысты өзгеруі ықтимал. Себептің аяқталуымен 
үкім жойылмайды. Әлсіздік пен аздық немесе қуаттылық пен көптік кейін де орын 
алуы мүмкін. 
ә) Исламның жаһілдік дәуірде орын алған істерді жоюуын насых деп есептеуі. 
Мысалы, талақтың үш талақпен, некелесудің төрт әйелмен шектелуі секілді 
үкімдер. Әсілінде, бұл насых болып есептелмейді. Өйткені, насых шарттарында 
күші жойылған үкімнің шариғат үкімі болуы керек екендігін айтып кеткенбіз. 
Аталған және өзге де жаһілдік кезеңдегі исламға жат істердің тамырына балта 
шабылғаны белгілі. Бірақ, бұл жалпылама үкімі жойылған деп танылғанымен
шариғаттағы мансұх үкімінен емес.
б) Құранда жалпылама мағынадағы аяттарды жалқылап келген аяттар насых 
деп түсінілуі. 
Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет