Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


«Алла бір әмірін келтіргенге дейін, оларды кешіріңдер, елемеңдер»



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх

«Алла бір әмірін келтіргенге дейін, оларды кешіріңдер, елемеңдер»
аяты 
Алладан бұйрық келгенге дейін деп, белгілі бір уақытпен шектегендіктен, мансұх 
емес. 
Насих пен мансұхты анықтаудың жолдары: 
Насых – қарама-қайшы мағыналарын біріктіру не жорамалдау мүмкін 
болмаған екі мәтінде орын алады. Шариғат бекітушінің сөздерінде кереғарлық 
болмау үшін бірі – насих, екіншісі – мансұх болады. Ал, қайсысы – насих, қайсысы 
– мансұх екендігі, екі мәтіннің кейін келгенін білдіретін нақты дәлелдерге жүгіну 
арқылы айқындалады. Солайша, бұрын келгені – мансұх, ал одан кейін келген мәтін 
– насих болып есептеледі. Бұны келесі жолдар арқылы түсінеміз: 
1. Екі мәтіннің бірінде бірі екіншісінен кейін келгендігін білдіретін дәлелдің 
болуы. 
Мысалы, Құран Кәрімнің: 
«Пайғамбармен оңаша сөйлесуден бұрын 
садақа беруден тартындыңдар ма? Оны істемесеңдер де Алла сендерді кешірді. 
Ал енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Сондай-ақ Аллаға, 
елшісіне бағыныңдар. Алла істегендеріңнен толық хабар алушы» 
(«Мужәдәлә» сүресі, 13)
 
және:
«Қазір Алла, сендерден 
(жүкті)
жеңілдетті. 
Расында, сендерде әлсіздік барын білетін еді. Сондықтан, егер сендерден 
сабырлы жүз кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал, егер сендерден мың болса, 
Алланың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Өйткені Алла, сабырлылармен 
бірге» 
(«Әнфәл» сүресі, 66),– аяттары мен Алла елшісінің
 
(с.а.с) Муслимнен 
жеткен: «
َُةَرِخلآاُ رِ كَذ تُاهَّنإفُاه رو زَ فُ،ِروب قلاُِةَرايزُنعُم ك تْ يَهَ نُ تْنك
» 
«Мен сендерді қабірлерге барудан 
тыйған едім, енді бара беріңдер, себебі ол ақиретті еске түсіреді»
7
 
хадисінің 
мағыналарынан бұрын не кейін келген мәтінді аңғаруға болады.
2. Сахабалардың бірінен мағыналары қарама-қайшы келген екі мәтіннің 
бірінің екіншісінен кейін не бұрын келгендігін білдіретін дұрыс хадистің жетуі. 
Мысалы: Алидің (р.а.): «Алла елшісі бізге жаназада тұруды әмір етті, кейін отырып, 
бізге де отыруды бұйырды»,– деген сөзі. Сол секілді, сахабаның: «мына аят мына 
аяттан кейін түсті», «мына аят мына аяттан бұрын түскен» немесе «мына жылы 
мына оқиғаға байланысты түсті»,– деуі. 
Ал, сахабаның жекелеген өз көзқарасына 
сүйене отырып, «мына аят – насих, мына аят – мансұх»,– деп айтуы, аяттың насих 
не мансұх екендігіне дәлел бола алмайды. Өйткені, бұл тұрғыда сахабаның жеке 
ижтиһады мен көзқарасы негізге алынбайды. 
3. Пайғамбар (с.а.с.) дүние салғаннан кейінгі ғасырларда мұсылман үмбетінің 
екі мәтіннің қайсысы бұрын не кейін келгендігін бір ауыздан келісіп, анықтауы. 
7
Муслим, Әс-Сахих, 37. 


Демек, діни мәтіндердегі насих пен мансұхты анықтауда аяттардың түсу 
себептері мен меккелік және мәдиналық аяттарды білу, хадистердің айтылу орайы 
мен тарихын білу маңызды.
Ескерте кететін нәрсе, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы екі мәтіннің бірі 
– нақты (қатғи), екіншісі – болжамды (занни) болған жағдайда, нақты келген мәтін 
негізге алынып, насых үкімі жүрмейді. Ал, екеуі де нақты, анық болған жағдайда, 
аталған үш жолмен кейін және бұрын келген мәтінді айқындап, бірі насих, екіншісі 
мансұх екендігі анықталады. 
Егер, қайсысы бұрын не кейін келгендігін анықтау мүмкін болмаса, бірақ 
мағыналарын біріктіру мүмкін болса, біріктіріледі немесе бірін екіншісінен артық 
көрсететін себептерге жүгіне отырып, бірі негізге алынады. 
Насих және мансұхты анықтауда мына жолдар:
а) ғалымдардың жеке көзқарастары мен ой-пікірлері, яғни ижтиһады; 
ә) тәпсіршінің ешбір дәлелсіз: «Мына аят – насих немесе мансұх»,– деп айтуы; 
б) аяттарды Құран Кәрімдегі орналасу тәртібіне қарай анықтау. Өйткені, 
Құрандағы аяттар түсу тәртібі бойынша орналаспаған
в) екі мәтінді жеткізген сахабалардың жас еркешеліктері исламды алғаш не 
кейін қабылдағандығы мәтіннің бірі насих, екіншісі мансұх екендігін анықтауда 
көп жағдайда негізге алынбайды
8
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет