түсіндіру жолын, яки Құранның Құранды тәпсірлеу тәсілі болған – истисна,
тахсис
4
, мухкам аяттарды насых деп білген.
Имам әш-Шатиби «Муафақат» атты
кітабында олардың әрқайсысына бөлім арнап, кейбір сахабалар мен табиғиндердің
«насых» сөзін, кейін келген ғалымдардың
қолданысынан басқа мағынада
қолданғандығын баяндайды.
Осындай қарама-қайшылық насых теориясының пайда болуына себеп болды.
Шах Уәлиуллаһ әд-Дәһләуи
5
насых терминінің алғашқы кезде жалпылама
мағынада қолданылуы мансұх аяттардың санын шамадан тыс арттырып, бес жүзге
дейін жетуіне
себеп болғандығын айтады
6
.
Бұл тақырыпта сахабалардың бір ауыздан келіспеуі – олардың осы тақырыпқа
қатысты пайғамбардан нақты дерек естімегендігін аңғартады.
Имам әз-Заркаши Құран Кәрімнің Ләуху әл-Махфуздан нәзіл болуын «насых»
деп түсіндірсе, Ибн Хазым баян және истиснаның насых екендігін алға тартқан.
Демек, алғашқы кезде насых тақырыбына қатысты ғалымдардың көзқарастары бір
жерден шыға бермеген.
Достарыңызбен бөлісу: