Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх

«Оның алдынан да, 
артынан да бұрыстық келмейді. Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан 
түсірілген»
(«Фуссилат» сүресі, 42),– деген аятына және де басқа дәлелдерге 
жүгіне отырып, Құран Кәрімде насыхтың орын алмағандығын айтқан. Кейбір 
ғалымдар Фахруддин әр-Разидің Құрандағы насыхқа қатысты айтқан сөздерінен, 
оның насыхты қабылдамағандығын түсіндіреді. Осы көзқарасты соңғы 
ғасырлардағы Құран ілімдерін зерттеуші ғалымдар мен тәпсіршілердің бірқатары 
да ұстанған. Мысырлық танымал ғалым, доктор Мұхаммед Тауфиқ Сыдқи да осы 
пікірді қатаң ұстанғандардың бірі. Ол 1906 жылы «әл-Манар» жорналына 
жарияланған «Ән-Насих уә әл-мансұх» атты көлемді мақаласында, өз көзқарасын 
дәлелдермен баяндаған болатын. Сол секілді Мұстафа Зәйд, Абдулкарим әл-Хатиб, 
Мұхаммед Әбу Зәһра, Мұхаммед Әсад, Мұхаммед Драз, Мұхаммед әл-Ғазали
Сейд Ахмет Хан, Мұхаммед әл-Худари, Әсләм Жайрапури, Мұхаммед Рашид Рида, 
Мұстафа Исламоглу, М. Сайд Шимшек, Сүлеймен Атеш, Нәжмуддин Шаһин, Омар 
Риза Догрул, Хусейн Атай секілді насых тақырыбында зерттеулер жүргізіп, 
еңбектер жазған тұлғалар бұрыңғы келген ғалымдардың насыхқа қатысты 
көзқарастарын құптамай, кейбірі Құран Кәрімде үкімі жойылған аяттардың жоқ 
екендігін алға тартқан. Кейбір зерттеушілер үндістандық белгілі ғалым Шах 
Уәлиуллаһ әд-Дәһләуидің де Құран Кәрімде насыхтың орын алуын 
қабылдамағандығын айтады. Алайда, әд-Дәһләуидің «Әл-Фәузу әл-кабир фи усули 
әт-тафсир» атты еңбегінде имам әс-Суюти мен Ибн әл-Арабидің мансұх деп тапқан 
аяттарын зерделей келе, Құранда бар жоғы бес аяттың ғана үкімі жойылғандығын 
айтқан
11

Бірақ аталған ғалымдар бұрынғы шариғаттардың үкімі жойылғандығын, 
насыхтың сүннетпен бекітілген шариғат үкімдерінде орын алатындығын теріске 
шығармаған. Олар көпшілік ғалымдардың насих және мансұх ретінде қабылдаған 
Құран мәтіндерін – аяттардың бірін-бірі жалқылауы (тахсис) немесе түсіндіруі деп 
біліп, әртүрлі түсіндірмелер берген.
Мұхаммед әл-Ғазали
12
: «Жүздескен, тыңдаған немесе кітаптарын оқыған 
барлық замандас ғалымдардың насых тақырыбындағы көзқарастары Құранда 
кейбір аяттардың үкімі жойылғандығын алға тартқан кейін келген тәпсіршілердің 
пікірінен өзгеше»,– деген
13

10
Әбу Муслим Мұхаммед ибн Бахр әл-Исфаһани 322/934 жылы дүние салған. Муғтазила ұстанымындағы 
тәпсір, кәләм ғалымы. «Жамиғу әт-тәуил» атты үлкен тәпсір кітабының авторы. Насих және мансұх 
тақырыбына қатысты да кітабы бар.
11
Шах Уәлиуллах әд-Дәһләуи, Әл-Фәузу әл-кабир фи усули әт-тафсир, 96-б.
12
Мұхаммед әл-Ғазали Ахмед әс-Сақа (1335/1917–1416/1996) – өткен ғасырдың танымал мысырлық 
мұсылман ойшыл ғалымы. 40-тан астам құнды еңбектердің авторы.
13
Mұхаммед әл-Ғазали, Кайфа натағаамал маға әл-Құран, 107-б.


Кейінгі ғасырларда «Құран Кәрімде насих пен мансұх аяттар орын алмаған» 
деген пікірдің кең таралуына 1970 жылдардағы коммунистер билеген Сомали 
үкіметінің: «Құран Кәрім жарамсыз, себебі ондағы аяттардың көпшілігі бір-біріне 
қарама-қайшы, үкімдері жойылған»,– деп жариялауы, тіпті, көзқарастарына қарсы 
келген ғалымдарды жазалауы түрткі болған. Осы жағдайдан кейін, Мысырдағы әл-
Әзһар университетіне қарасты Ислам ілімдерін зерттеу орталығы 1975 жылы ақпан 
айында жиын өткізіп, аталған пікірді теріске шығарған. Нәтижесінде әл-Әзһар 
ғалымдарының бірі, доктор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет