Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


Бір аятты ауыстырсақ немесе ұмыттырсақ, одан жақсысын, не сол



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх
Балама қаражат институттары, Снимок экрана 2020—07—25 в 09.14.22, Ешенқұл Алуа БӨЖ хаттама №5 2, Жарасбекова Аружан жолдау, @kaznmu.kz, @doc
Бір аятты ауыстырсақ немесе ұмыттырсақ, одан жақсысын, не сол 
сияқты келтіреміз. Әрине, Алланың әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің 
бе?»
(«Бақара» сүресі, 106); 
2) 
«Біз бір аяттың орнына басқа аятты ауыстырған кезде, Алла нені 
түсіргенін жақсы біледі. Алайда, олар пайғамбарға: “Сен анық жалақорсың” 
дейді. Олай емес. Олардың көбі түсінбейді»
(«Нахыл» сүресі, 101); 
3) 
«Сонда яһудилердің зұлымдықтарының және көптеген адамдарды 
Алланың жолынан тосуларының салдарынан, оларға халал етілген көптеген 
жақсы нәрселерді оларға арам қылдық. Және де оларға тыйым салынған 
бола тұра, өсім алулары әрі адамдардың малдарын орынсыз жеулері, сондай-
ақ олардан қарсы келгендер үшін күйзелтуші азап әзірледік»
(«Ниса» сүресі, 
160-161); 
4) 
«Сондай-ақ, оларға аяттарымыз ашық дәлел түрінде оқылған кезде
сондай, Бізге кездесуді үміт етпегендер: «Бұдан басқа бір Құран келтір немесе 
мұны ауыстыр!» 

 деді. «Оны өз тарапымнан өзгертуіме болмайды. Мен өзіме 
уахи етілгенге ғана еремін. Расында мен, Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің 
азабынан қорқамын»
,– 
де»
(«Юунус» сүресі, 15); 
5) «
Саған Құран оқытамыз; сонда оны ұмытпайсың (6). Бірақ Алланың 
қалағаны басқа. Негізінде Ол көрнеу, көместі біледі»
(«Ағла» сүресі, 6-7); 
6) «Алла қалағанын өшіреді, 
(қалағанын)
 қалдырады. Негізгі Кітап, Оның 
қасында» 
(«Рағыд» сүресі, 39),– деген аяттарымен дәлелдейді. 
Олардың пікірі бойынша Құран Кәрім бұрынғы келген сәмәуи кітаптарды 
насых еткені секілді, жаңа негізі қаланып, уақыт өте дамуын тапқан Ислам 
қоғамында бұрын келген бұйрықтар мен тыйымдардың, кейінгі келген шариғат 
үкімдерімен күшінің жойылуы –табиғи құбылыс. Бірақ, насых – сенімге қатысты 
мәтіндерде орын алмай, шариғаттың бұйрық және тыйымдарында ғана болады.
Бұны дініміздің адамдарға берген жеңілдігі деп қабылдауымыз керек. Яғни, Құран 


Кәрімдегі белгілі бір шариғат үкімінің, кейін келген 
шариғат үкімімен күшінің жойылуы адамдардың 
жағдайына орай орын алған. Қандай да бір үкімнің 
уақытша бұйырылып, кейін адамдардың болмысына, 
өмір сүрген орталарына сай басқа бір үкімнің бекітілуі 
Алла тағаланың құлдарына деген мейірімділігін паш 
етеді.
Насыхтың Құран Кәрімде орын алмағандығын 
алға тартқан ғалымдар, аталған аяттарда келген 
насыхтың Құранда орын алғандығына емес, жалпы насыхтың ақылға қонымды 
дүние екендігін немесе үкімі жойылған бұрынғы шариғаттарға қатысты келгендігін 
айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет