«Мүжәдәлә» сүресіндегі аяттар:
20. Көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша:
«Ей, иман келтіргендер!
Пайғамбармен (с.а.с.) оңаша сөйлескен кезде, оңаша кеңесудің алдында садақа
беріңдер...»
(«Мужәдәлә» сүресі, 12) аятының үкімі,
осы аяттан кейін келген
«
(Пайғамбармен)
оңаша сөйлесуден бұрын садақа беруден тартындыңдар ма?
Оны істемесеңдер де Алла, сендерді кешірім етті. Ал, енді намазды толық
орындаңдар, зекет беріңдер. Сондай-ақ Аллаға және Оның елшісіне
бағыныңдар. Алла істегендеріңнен толық хабар алушы»
(«Мужәдәлә» сүресі,
13),– деген аятпен жойылған.
21.
«Егер жұбайларыңның біреуі кәпірлер жаққа өтіп кетсе де, кейін
сендер өш алсаңдар, онда жұбайлары кеткендерге олар сарып еткен мәһірдің
мөлшерінен беріңдер және өздерің иман келтірген Алладан қорқыңдар»
(«Мумтахина» сүресі, 11) аяты, кейбір ғалымдардың көзқарасында:
«Сондай-ақ
Пайғамбарға, жақындарына, жетімдерге, міскіндерге және жолда қалғандарға
тиісті екендігін біліңдер. Алланың әр нәрсеге толық күші жетеді»
(«Әнфәл»
сүресі, 41),– деген «олжа аятымен» үкімі жойылған. Үкімі жойылмағандығын
айтқан да ғалымдар бар.
«Муззаммил» сүресінің аяттары:
22. «
Ей, бүркеніп жатушы! (1) Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта (2). Түннің
жарымын немесе одан да аздап кеміт (3). Не оған біраз қос. Сондай-ақ,
Құранды өте анықтап оқы (4)»
(«Муззаммил» сүресі, 1-4) аяттарының үкімі, осы
сүренің соңында келген:
«Сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан
Достарыңызбен бөлісу: