Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


«Біреулеріңе өлім келген шақта, артына мал қалдырса, әке-шешесіне



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх
Балама қаражат институттары, Снимок экрана 2020—07—25 в 09.14.22, Ешенқұл Алуа БӨЖ хаттама №5 2, Жарасбекова Аружан жолдау, @kaznmu.kz, @doc
2.
«Біреулеріңе өлім келген шақта, артына мал қалдырса, әке-шешесіне, 
жақындарына дұрыстықпен өсиет парыз етілді. Өсиет 
– 
тақуаларға бір 
міндет» 
(«Бақара» сүресі, 180)
 
аяты. 
а)
 
Көпшілік ғалымдар, бұл аят үкімінің мирас аяттарымен жойылғандығын 
айтады. Осы пікірді имам әд-Дәһләуи, әз-Зурқани да құптайды
34
.
ә) Жоғарыда келгендей, ғалымдардың пікірі бойынша, бұл аяттың үкімі 
пайғамбарымыздың хадисімен жойылған. 
б) Кейбір көзқарастар аят үкімінің жойылмағандығын алға тартқан. 
3. 
«Ей, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз 
қылынды»
(«Бақара» сүресі, 183) аятының үкімі, осы сүренің: 
«Сендерге 
оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді»
аятымен мансұхталған. 
Өйткені, бірінші аятта айтылған ораза, бұрынғы шариғаттарда келген оразаға 
ұқсатылған. Ал, олардың шариғаты ораза түнінде әйелге жақындауға тыйым салған 
болатын. Екінші аят осы үкімді жойған.
4. 
«Ораза ұстау қиындық тудыратындар бір міскіннің тамағын төлесін. 
Сонда кім ынтығып артық жақсылық қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер 
сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы»
(«Бақара» сүресі, 184),– деген аят 
үкімі 
«Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын» 
аятымен күші 
жойылған.
 
Алдыңғы аят оразаға шамасы жете тұра, қиындық туған кезде фидия төлеуді 
ұғындырса, келесі аят ораза ұстауға шамасы жеткен, тұрғылықты адамдарға ауыз 
бекітудің міндетті екендігін білдіреді. Ибн Аббастың пікірі бойынша, бұл аяттың 
үкімі жойылмаған. 
33
Әс-Суюти, Әл-Итқан, 467-б. 
34
Мұхаммед Абдулазим әз-Зурқани, Мәнәһилу әл-ирфан, 2/286-б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет