Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


«Біреулеріңе өлім келген шақта, артына мал қалдырса



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Насих және мансұх

«Біреулеріңе өлім келген шақта, артына мал қалдырса, 
әке-шешесіне, жақындарына дұрыстықпен өсиет парыз етілді. Өсиет 
тақуаларға бір міндет» 
(«Бақара» сүресі, 180) аяты, «Мұрагерге өсиет жоқ»
18
,– 
деген хадиспен үкімі жойылғандығын айтады. Бірақ, бұл хадисті ахад хабар деп 
білген ғалымдар, оның аталған насых түріне дәлел болуға жарамсыз екендігін алға 
тартқан. Имам әз-Зурқани – осы көзқарасты ұстанғанымен, насыхтың бұл түрін 
теріске шығармаған ғалымдардың бірі.
Сол секілді олар «Әнғам» сүресінің: «(Мұхаммед с.а.с.): 
«Маған уахи 
етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік 
немесе ағызылған қан, доңыз еті немесе күнәлі болып, Алладан басқаның 
атымен бауыздалған мал арам...»
,–
де
» («Әнғам» сүресі, 145)
аятының үкімі – 
пайғамбарымыздың (с.а.с.) жыртқыштардың азу тістілері мен құстардың 
тырнақтыларынан тыйғандығы жайлы келген хадисімен мансұхталғандығын 
жеткізеді
19
.
Насыхтың осы түріне «Нұр» сүресінде келген зина жасаушының жазасын 
қамтыған аяттың, пайғамбардың хадис және сүннетімен үкімі жойылғандығын 
дәлел қылғандар да бар.
Сонымен қатар «Тәубе» сүресіндегі зекет алуға құқылы топтың бірі – 
муәлләфату әл-қулубқа жататындар; иман келтіруі көзделген, ислам дінін 
қабылдауды қалаған кәпірлер мен дінді жаңа мойындаған иманы әлсіз 
мұсылмандар еді. Пайғамбардың көзі тірісінде бұл топтар зекеттен үлесін алатын 
тұғын. Алайда, Әбу Бәкірдің (р.с.) уақытында Бәйту әл-малға (мұсылмандардың 
ортақ қазынасы) жауапты болған Омар (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) Муғаз ибн 
Жәбәлді (р.а.) Йеменге қазылыққа жіберген кезде, зекетке қатысты: «Олардың 
(мұсылмандардың) байларынан алып, кедейлеріне қайтарсын»,– деген хадисімен, 
мұсылман емес адамдардың зекеттен үлес алуы мансұхталғанын айтқан. Оны 
сахабалардың барлығы қолдаған болатын. 
3) 
Сүннеттің Құранмен насых қылынуы.
Алғашқы кезде мұсылмандар, пайғамбардың бекітуімен намазды Бәйту әл-
Мақдиске қарап оқыған болатын, кейін құбыла «Бақара» сүресінің, 144-аятымен 
Кағбаға өзгерді. Яғни, пайғамбар сүннетінің үкімі – Құран Кәрім аятымен 
мансұхталған. Насыхтың бұл түріне қатысты ғалымдар арасында келіспеушілік 
жоқ. 
4) 
Сүннеттің сүннетпен насых болуы.
Бұл, хадистердің дәрежелеріне қарай орын алады. Яғни, мутауатир хадис –
мутауатир және ахад хадистердің үкімін жоя алса, ахад хадис – екінші ахад хадисті 
насых қыла алады. Ал, оның мутауатир хадис үкімін жоятындығын көпшілік 
ғалымдар қабылдамайды.
17
Заһирилер діни мәтіндердің сыртқы мағыналарына ғана жүгініп үкім шығаратын топ. 
18
Әл-Бұхари, Әл-Жамиғу әс-Сахих, Өсиеттер кітабы, 6; Әбу Дәуіт, Әс-Сунән, 88; Термези, Әс-Сунән, 5. 
19
Муслим, Әс-Сахих, 1690, Ахмед, Муснад, 5/313, 317.


Сүннеттің сүннетпен насых болуына пайғамбарымыздың (с.а.с.) мына хадисін 
мысал етуге болады. Муслим жеткізген хадистердің бірінде, пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «
َُةَرِخلآاُ رِ كَذ تُاهَّنإفُاه رو زَ فُ،ِروب قلاُِةَرايزُنعُم ك تْ يَهَ نُ تْنك
» 
«Мен сендерді қабірлерге барудан 
тыйған едім, енді бара беріңдер, себебі ол 
– 
ақиретті еске түсіреді»,
– деген
20

Пайғамбардың (с.а.с.) бұл сөзі, бұрын қабірге барудан тыйған хадисінің үкімін 
жойып отыр
21



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет