«Мұхаммед –
Алланың елшісі және пайғамбарлардың ақыры» («Ахзаб» сүресі, 40),– деген. Құранның бұрынғы
кітаптардың үкімін жойғандығына мұсылмандар бір ауыздан келіскен. Ал, бұны
қабыл етпегендердің басында яһудилер тұрады.
Егер насыхты ақылға сыйымсыз деп қабылдайтын болсақ, бұрын келген
шариғаттардың өміршеңдігін қабылдап, Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығын
белгілі бір қауымға ғана шектеген боламыз. Бұл – ислам дінінің негіздеріне қайшы
.
Өйткені Құран Кәрімде
«Алланың қасында шынайы дін –
Ислам» («Әли Имран»
сүресі, 19),
«Біз сені бүкіл әлемге мейірім етіп қана жібердік» («Әнбия» сүресі,
107) деп айтылған.
5. Насыхтың түрлері Насыхтың орын алатындығына бір ауыздан келіскен ғалымдар насыхты
бірнеше түрлерге бөліп қарастырған. Олар:
1) Құранның Құранмен насых болуы. Насыхтың бұл түріне, яғни Құран аяттарының Құран аяттарымен насых
қылынатындығына ғалымдар бір ауыздан келіскен.
Мысалы, әйел адамның бір жыл
күту мерзімін (ғидда) көрсеткен аят үкімінің төрт ай он күн күту мерізімін білдірген
аят үкімімен жойылуы мысал болады.
2) Құранның сүннетпен насых қылынуы. Құран аяттарының пайғамбар сүннетімен насых қылынуына ғалымдар бір
ауыздан келіспеген.
Насыхтың бұл түрін кейбірі құптамаса, басқа ғалымдар
«Нәжім» сүресінің:
«Ол өз ойынан сөйлемейді (3). Сөйлегені –
көкейіне салынған уахи ғана (4)» аяттарын негізге ала отырып, пайғамбар сөздері уахиға
сүйенгендіктен, яғни мағынасы Алла Тағала тарапынан келген хадистердің болуы
себепті пайғамбардың сөздері Құран аяттарын насых қыла алады деген.
Бірақ, бұл
жерде олар Құранның үкімін жоятын хадистің пайғамбардың жеке көзқарасынан
туындамаған болуы керек екендігін ескертеді.
Яғни Алла елшісінің (с.а.с.) өзінің
көзқарасын білдірген сөзі мен сүннеті Құран аятын насых қыла алмайды
16
.
Бұл көзқарастарды былайша көрсетуге болады:
а) Құранның ахад хабармен насых болуы. Көпшілік ғалымдар ахад хадистің
Құран аяттарының үкімін жоя алмайтындығын айтады. Өйткені Құран мутауатир,
күмәнсіз жолдармен жеткен, ал ахад хадистер күмәнді хабар болып есептеледі.
Сондықтан, күмәнді хабар күмәнсіз ақиқатты жоя алмайды.
ә) Құранның мутауатир хадиспен насых болуы.
Бұл имам Мәлик, Әбу Ханифа және Ахмед ибн Ханбалдан жеткен бір дерек
бойынша және көпшілік мутакаллимдердің көзқарасында рұқсат етіледі.
Ал
16
Әс-Суюути, әл-Итқан, 463-б.
насыхтың бұл түрін имам әш-Шафиғи мен көпшілік Ханбали мазһабын
ұстанушылар және Заһирилер
17
қабылдамайды.
Сүннеттің кейбір Құран аяттарының үкімін мансұх ете алатындығын құптаған
топ «Бақара» сүресінің: