Областной
этап
республиканской
олимпиады
по
химии
2021
Комплект
заданий
II-
тура
для
10
класса
7
2
Нұсқа
Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты, барий хлориді, мыс (II)
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты, алюминий сульфаты, калий иодиді,
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып,
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде матрица ұяшықтарында
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз
№2 сынауығындағы ерітінді көк түсті.
Егер №5 сынауығындағы затқа №6 не №7 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе,
өзгеріс байқалмайды. Егер №5 сынауықтағы затқа №1, №2, №9 не №8
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №5 сынауығына №3
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №5 сынауығына №4 сынауықтағы затты
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №1 сынауықтағы затты №9, №3 не
№7 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №1
сынауықтағы затты №2, №6, №8 жəне №4 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба
пайда болады. Егер №2 сынауықтағы затты №8 не №7 сынауықтарына қосса, өзгеріс
байқалмайды. Егер №2 сынауыққа №9 сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк
тұнба, кейін №9 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті
ерітінді пайда болады. Егер №2 затты №6 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ
тұнба түзіледі. Ал егер №2 сынауығына №3 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №2 сынауығындағы затқа №4
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №9 сынауығындағы
затқа №3, №4 жəне №7 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер
№9 сынауығына №6 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №9 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба
еріп, ерітінді түссізденеді. №9 сынауықтағы зат пен №8 сынауығындағы затты
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №6 сынауығы мен №7 сынауығына арасындағы
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №6 сынауығындағы зат №8 не №4
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №6 сынауығындағы зат №3
сынауығындағы затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №8
сынауығындағы зат №3 не №7 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс
байқалмайды. Егер №8 сынауығындағы затқа №4 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба
мен газ пайда болады. Егер №3 сынауығындағы затты №4 сынауығындағы затқа қосса,
өзгеріс байқалмайды. Егер №3 сынауықтағы затына №7 сынауықтағы затын қосса,
ерітінді түсі өзгереді. Егер №4 сынауығындағы зат пен №7 сынауығындағы затты өзара
араластырса, газ бөлінеді.
|