Областной
этап
республиканской
олимпиады
по
химии
2021
Комплект
заданий
II-
тура
для
10
класса
7
3
Нұсқа
Ойланып тұраған химикке ішінде бейорганикалық тұздар, қышқылдар, негіздер бар 9
сынауық берілді. Сынауықтарда қорғасын (II) нитраты, барий хлориді, мыс (II)
сульфаты, аммоний гидроксиді, күміс нитраты, алюминий сульфаты, калий иодиді,
натрий карбонаты, азот қышқылы бар. Химиктің зертханалық жазбаларын пайдаланып,
№1-9 сынауықтарда қандай заттар бар екендігін анықтаңыз. Талдау нəтижелерін
практика матрицасына жазыңыз. Бақылаулар негізінде матрица ұяшықтарында
анықталатын қосылыстардың формулаларын жазыңыз. Əр затты анықтаған химиялық
реакциялардың теңдеулерін (молекулалық жəне иондық түрде) жазыңыз
№7 сынауығындағы ерітінді көк түсті.
Егер №3 сынауығындағы затқа №4 не №2 сынауықтарындағы заттармен əсер етсе,
өзгеріс байқалмайды. Егер №3 сынауықтағы затқа №8, №7, №6 не №9
сынауықтарындағы заттарды қосса, ақ тұнба пайда болады. Ал егер №3 сынауығына №1
сынауықтағы затты құйса, сары тұнба түзіледі. №3 сынауығына №5 сынауықтағы затты
құйса, ақ тұнба мен газі бөлінгені байқалады. Егер №8 сынауықтағы затты №6, №1 не
№2 сынауықтардағы заттармен əрекеттестірсе, еш өзгеріс байқалмайды. Егер №8
сынауықтағы затты №7, №4, №9 жəне №5 сынауықтармен реакцияластырса, ақ тұнба
пайда болады. Егер №7 сынауықтағы затты №9 не №2 сынауықтарына қосса, өзгеріс
байқалмайды. Егер №7 сынауыққа №6 сынауықтағы затты қосса, алдыме ашық көк
тұнба, кейін №6 затты артық мөлшерде қоса берген сайын, тұнба еріп, қою көк түсті
ерітінді пайда болады. Егер №7 затты №4 сынауығындағы затпен əрекеттестірсе, ақ
тұнба түзіледі. Ал егер №7 сынауығына №1 сынауықтағы ерітіндіні құйса, ерітінді қою
қоңыр түске боялып, тұнба пайда болады. Егер №7 сынауығындағы затқа №5
сынауығындағы затты құйса, көгілдір тұнба мен газ түзіледі. Егер №6 сынауығындағы
затқа №1, №5 жəне №2 сынауықтарындағы заттарды қооса, өзгеріс байқалмайды. Егер
№6 сынауығына №4 сынауығындағы ерітіндіні қосса, алдымен ерітінді сұр-қоңыр түске
боялып, тұнба түзіледі; кейін осы қоспаға №6 затын артық мөлшерде қоса берсек, тұнба
еріп, ерітінді түссізденеді. №6 сынауықтағы зат пен №9 сынауығындағы затты
əрекеттестірсе, ақ тұнба түзіледі. №4 сынауығы мен №2 сынауығына арасындағы
реакциядан еш өзгеріс байқалмайды. Егер №4 сынауығындағы зат №9 не №5
сынауықтарындағы заттармен əрекеттесіп, ақ тұнба береді. №4 сынауығындағы зат №1
сынауығындағы затпен реакцияласып, ақшыл сары тұнба түзеді. Егер №9
сынауығындағы зат №1 не №2 сынауықтарындағы заттармен əрекеттескенде, еш өзгеріс
байқалмайды. Егер №9 сынауығындағы затқа №5 сынауығындағы затты қосса, ақ тұнба
мен газ пайда болады. Егер №1 сынауығындағы затты №5 сынауығындағы затқа қосса,
өзгеріс байқалмайды. Егер №1 сынауықтағы затына №2 сынауықтағы затын қосса,
ерітінді түсі өзгереді. Егер №5 сынауығындағы зат пен №2 сынауығындағы затты өзара
араластырса, газ бөлінеді.
|