қанжайлау, қанбазар
бірліктерінің туындауына негіз болған.
Адамның ойлау әрекетінің негізінде жатқан білім қорындағы әртүрлі операциялардың
жасалуы ауысуларға әкеледі. Бұл ауысулар сөздік қор арқылы таңбаланып, адамның қоршаған
әлемді тану үлгілерін құрады. Метафораларда нысандар категориалық шектестігінің
бұзылуы жаңа мағына, ұғымдардың туындауына жол ашады. Жоғарыда кеңінен тоқталған
тілдік бірліктердің жасалуында метафора заттар мен құбылыстардың ұқсастығын аша
отырып, өзге нысандар туралы білімді пайдалану арқылы атаулар жасалу механизімінде
кеңінен қолданылатынына көз жетеді.
Бағалауыштық
– экспрессиялығымен, коннотативтік мағына ерекшелінетін жан-
жануарлар, құстар, жәндіктер адам үлгісі бойынша
қаранар
(күшті адам),
қарақұс
(қатыгез адам),
көртышқан
(оңбаған адам) бейнелі атаулары жасалған. Бұл үлгідегі
тілдік метафоралар адамның мінез, жүріс-тұрыс, әлеуметтік дәрежесіне байланысты
көбінесе жағымсыз мағаналарды береді. Тілдік қолданыста бар бірліктедің жасалуындағы
бұл құбылыс адамның танымдық үрдістерімен байланысты. Сондықтан да, бұл
ауысулардың адамның білім қорындағы ақпараттардың белсенділігіне қарай әрқилы
сипатта болатыны белгілі. Дайын бірліктердің метафоралануы олардың денотативті
мағыналарының астарындағы ақпараттарға байланысты жүргізіледі. Тілдің лексикасының
жүйелігінің қамтамасыз ететін лекикалық құрылымдардың:
1.
лексикалық өрістің,
2)
ассоциациялық өрістің
, 3)
семантикалық өрістің
тіл
бірліктерінің жасалуындағы маңызы зор. Семантикалық байланыстары бар лексикалық
құрылым лексикалық өріс деп танылады. Ӛрістің көлемі ғалымның зерттеу мақсаттарына
байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Лексикалық өрістің ең кеңейген түрі ассоциациялық
өріс, бұл өрісте лексика барлық еркін, индивидуалды ассоциациялық байланыстары арқылы
топтастырылады [Караулов, 1976, 174].
Семантикалық өріс
– әртүрлі сөз таптарының
лексикасын жинақтаған лексикалық құрылым. Әр семантикалық өріс бірегей жүйе ретінде
тануы мүмкін. Солай бола тұра әр өріс тілдің лексика-семантикалық жүйесінің бірлігі
ретінде өзге өрістермен байланыс құрайды және өзге өрістердің элементтеріне ашық
болады. Семантикалық өрістің осы қасиеті лексиканың жүйелілік тұжырымын нақтылай
түседі [Скляревская, 1993, 114].
Адамның әртүрлі мінез ерекшеліктерін сипаттаудағы бейнелі атаулар адам фрейміндегі
ұяшықтардағы ақпраттар ауысынан да жасалып жатады. Жоғарғы ассоциациялық ойлаумен
жүзеге асатын бұл
когнитивтік үлгілерді
заттың
Достарыңызбен бөлісу: |