Keywords:
Key words: metaphor, means of nomination, cognitive model, frame, cognition, associative field,
semantic field.
Қазіргі лингвистикалық зерттеулер объективтік шындықтың идеалды бейнелеуінде
адамзаттың когнициясы, оның ақыл-ойы, санасы ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз
байланысты. Соңғы кезеңдегі лингвистика ғылымы тіл материалдарын адами факторлармен,
оның таным концептосферасымен бірлікте қарастыруға бет бұрды. Соның ішінде
аталымжасам жүйесін зерттеуде олардың өзге тілдік бірліктерден тек ерекшеліктерін ғана
атап қоймай, оның функционалды-прагматикалық мақсаттарының түпкі себептерін ұлт
танымымен байланыстыра отырып, аталымға себеп болған қозғаушы күшті
ішкі мағыналық
құрылымы
(ВФС) арқылы ашу үдерісі дәстүрге айналып келеді.
Қазіргі түркі тілдеріндегі тіл бірліктерінің метафора тәсілі арқылы жасалу үрдісінің
белсенділігі тілдік қолданыстан айқын байқалады. Тілдің лексикалық қорын байытып
отыратын метафоралық тәсіл тіл бірліктерінің ішкі мағыналық құрылымынан байқалады.
Сондықтан да кез келген атаудың табиғатын қарастырғанда олардың тілдік сипатымен қоса
танымдық негізі назарға ілігеді. Тілдегі бірліктер, ең алдымен, аталым қажеттілігін өтеу үшін
туындап жатады. Атау жасауда тіл қолданушы өзін қоршаған
әлемнің тілдік бейнесін
қалыптастырады. Адам өзінің өмірлік қажеттілігіне байланысты сан алуан атауларды
күнделікті коммунткативтік процесінде өз мақсатына сай пайдаланып, тілдік қорды дамытып
отырады. Осы үдерістердегі пайдаланатын танымдық тәсіл метафора болып табылады.
Метафора – айналадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды,
байланыстарды тани білу және оны тілде бейнелеу болып табылады. Қазақ тіліндегі
көптеген атаулар көбінесе заттар мен құбылыстар ұқсастығының негізінде жасалатынына
күнделікті өмірде жиі ұщырайды. Атаулардың ішкі мағыналық құрамындағы астарлы ой,
атауға әкелген жолды анықтау сөздердің уәждемесін айқындайды.
Концептуалды метафора
– адам танымында ұқсату заңдылықтарының
нәтижесінде
туындаған деректі
, дерексіз ұғымдардың атауы, жаңа лексикалық мағына. Метофораның
когнитивтік теориясы туралы Э. Маккормак: «Метафораны танымдық үрдіс ретінде
суреттеуді тілді жасаушы адам санасының терең құрылымдық сипатын түсінуіміз керек»
[Маккормак, 1999, 56], - дейді. Ғалым когнитивтік лингвистикада метафораның
Достарыңызбен бөлісу: