суреттеуге болады. Бұған
арамтамақ
(жалқау адам),
тоңмойын
(қатыгез адам),
сужүрек
(қорқақ адам),
шүйкебас
(әйел),
шөпжелке
(қыз) аталымдардың жасалуы жатады.
Метафоралар адамға көрінетін нақты заттарды ғана емес абстрактылы түсініктерді
таңбалау үшін де қолданылады. Дерексіз ұғымдарға атау беру абстракциалық байланыстарды
қолдану арқылы жџргізіледі.
Зат → дерексіз ұғым
үлгісімен
жанайқай (қарсылық),
жанталас (агония), жансарай (ішкі дүние)
атаулары жасалған. Ауысу талас, айқай, сарай
бірліктері арқылы жүзеге асырылған. Жан лексемасымен тіркесті туындаған аталымдарда
жан - адамға қуат беруші ішкі күш ретінде танылатын сияқты. Соған сәйкес, жан ашу, жан
күю, жан кешу метафоралы мағыналы қимыл туындайды. Ішкі дүние сезімдерін
сипаттаудағы осы қимылдардың ассоциациялары өзге жанашыр, жанкүйер, жанкешті
атауындарының жасалуына негіз болды. Бұл үлгілегі бірліктерді
іс-қимыл + сөзжасамдық
формант → адам
деп суреттеуге болады. Қимыл-әрекеттің ассоциациялы ұқсатуы негізінде
атұстар, қанішер, текетірес, естияр, бойжеткен, барсакелмес, итжеккен
сияқты
бірліктер жасалған. Бұларды метафоралы ойлау жемісі деп тануымызға себепкер негіз болып
тұрған қимыл-әрекеттің метафоралы жасалуы.
Қимыл-әрекет + сөзжасамдық формант
дерексіз ұғым, қимыл-әрекет +
сөзжасамдық формант
жер аты
үлгісіндегі бұл атауларда бейнелі түрде қоршаған
әлемнің көрнісін тілде суреттеу нышандары жатыр.
Тілдік тұрғыда екі бірлік арасында жүргізілетін метафоралану оны құраушы
лексемалардың сөздің ішкі мағыналық құрылымын түзудегі мағыналық ерекшеліктеріне
байланысты төрт бірліктің арасындағы қатынасқа да құрылуы мүмкін. Мысалға:
таскене
бірлігінде метафораланып тұрған бірінші лексема, яғни
кененің
жабысып алатын қасиеті
тас
сөзінің ауыспалы мағынасы арқылы беріліп тұр.
Айқұлақ
өсімдік атауында екі бірлік те
ауысуға ұшырайды.
Ай
– сыртқы пішін,
құлақ
– өсімдікті білдіреді.
Сонымен, метафора когнитивтік феномен ретінде
аталым
(номинация) қажеттілігіне
толығымен жауап беруші құбылыс болып табылады. Заттар мен құбылыстарға атау беруде
атауыштық метафоралар деп танылған қазақ тілінде пішін, қасиет, қызмет ұқсастықтарын
негізге алады.
Когнитивтік-атауыштық метафоралар
дерексіз ұғымдарды таңбалауда
немесе ассоциациялық байланыстар негізінде аталым жасаудағы тілдік бірліктер болып
табылады.
Бейнелі-бағалауыштық метафоралар
тілдік бірліктердің қолданымдық
ерекшеліктеріне байланысты бағалауыштығымен, бейнелілігімен ерекшелінетін метафоралар
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: