РәСӘй халыҡтары телдәре диалектологияһының КӨНҮҘӘк мәСЬӘЛӘЛӘре XVIII бөтә Рәсәй фәнни конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет152/200
Дата18.04.2023
өлшемі2,67 Mb.
#174842
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200
Байланысты:
Dialectology-2018

-п
кірді, -п шық
1) қозғалыс; 2) жердегі қозғалыс; 3) қарқыны – жай; 4) ішке кіру
бағыты; сыртқа шағу бағыты, 5) көлденең кеңістікте жүзеге асады; 6) қозғалысты жасайтын –
адам, субъект.
Кір+(ді)
сөзінің
қозғалыс
семасы мен
кіру
әрекетінің
көлденең кеңістіктегі
қозғалыс
семасы қимылдың жүзеге асуына негіз болған. Қара бұжыр дәлдек танау, көзі
ұясынан шығып адырайған, ұзын бойлы сопиған бір жігіт үйге 
кірді 
(Б.Майлин). Бәйбішесі
мен қызынан айырылғалы Мамырбай отағасы ертеңгі шайын ішкен соң, төбе басына 
шығып
,
жер шұқып отыра беруші еді (Ж.Аймауытов). Қазақтың қосын, қазақтың астауын, шөмішін
ес көреді. Үңірейген қосқа 
кіруге
тағы батылы бармайды (Ж.Аймауытов).
-
п бар-
форманты жетекші етістікке амалдың бірте-бірте я үдеуін (дамуын, өсуін,
өнуін), я бәсеңдеуін (солғындауын, азаюын) білдіретіндей реңк үстейді [Оралбаева, 1979].
Мысалы:
кетіп барады, кетіп қалды, көшіп барады
т.б. Мысалы, Екеуі тәуекел деп
кетіп
қалды
, Таң атпай-ақ Ордаға
жетіп барды
. Ағаштан балаған қып, арша жауып, Бекініп бір
дарада жатып алды (Шәкәрім).
-
й кел- 
етістігінің семалық құрамы: 1) 
бағытты
; 2) 
көлденең кеңістіктегі қозғалыс
; 3)
нысанға жақындау
; 4)
уақытқа қатысты жасалуы ұзақтығы бейтарап
. Соңғы семаға
қатысты:
бар, кел
әрекеттері бірі нысаннан алыстауды, екіншісі нысанға жақындауды
білдіреді. Бұл қозғалыстар тез жасалғанның өзінде нәтижеге жету немесе әрекетті көрсетуде
уақыт жағынан созылыңқылықты қажет етеді. Сондай-ақ,
жат
(-
ыр)
көлденең кеңістіктегі
қалыпты білдіреді,
кел
қимылы – көлденең кеңістікте жүзеге асатын әрекет.
Жат(-ыр)
етістігінің созылыңқы әрекет семасы мен


кел
етістігінің
уақытқа қатысты жасалуы
ұзақтығы бейтарап
семасы екі сөздің тіркесуіне негіз болған: Алты күннен соң осы
Құнанбай ауылдары көшкен жолмен тағы бір мол көштер 
келе жатты
. Бұл – Бөкенші мен
Борсақтың көші! (М.Әуезов); Бірақ бәрібір үзілісте Бекеттің далаға шыққанын 
бағып тұрып,
осындай мөлшерде тиеді-ау деген шамамен, наннан опыра
үзіп алып
, ол
келгенше
бәрін де
жоқ қылып, түк сезбегендей 
отыра беретінмін
(Д.Исабеков). Әлгіден 
жегім келіп тұрса
да,
қысылғанымнан «я, аз ғана....» деп күмілжимін (Д.Исабеков). Бекет айтқандай, «менің бәсіре
қойларым» осыған әбден дәніккен бе, тар есіктен тығылыса
кіріп барып
, шашылған шөпті
күрт-күрт шайнап жатыр. – Жолымыз түсіп, түнделетіп
келіп қалдық
, – деді. – деді жастау
біреуі мұртының қырауын алақанымен сүртіп жатып (Д.Исабеков). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет