РәСӘй халыҡтары телдәре диалектологияһының КӨНҮҘӘк мәСЬӘЛӘЛӘре XVIII бөтә Рәсәй фәнни конференция материалдары


Ағу етістігінің бастапқы ұғымынан жалпы кеңістіктегі қозғалыс ұғымдары туындайды. Ақ=



Pdf көрінісі
бет150/200
Дата18.04.2023
өлшемі2,67 Mb.
#174842
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   200
Байланысты:
Dialectology-2018

Ағу
етістігінің бастапқы ұғымынан жалпы кеңістіктегі қозғалыс
ұғымдары туындайды.
Ақ=
етістігінің семалық құрамы: 1) сұйық заттың қозғалысы; 2)
көлденең және тік кеңістікте жүзеге асады; 3) уақытқа қатысты жасалу ұзақтығы бейтарап .


Сөйлемдегі 
су ағып
жат(-ыр)
етістігіндегі сема созылыңқы әрекет семасымен байланысқа


түсіп, екі сөздің тіркесуіне негіз болған. Сондай-ақ,
ақ-
етістігі
жат(-ыр)
көмекші
етістігімен тіркескенде, көлденең кеңістікте ұзыннан созыла орындалатын әрекетті білдіреді.
Бұл ерекшелік
жат(-ыр)
етістігінің көлденең кеңістікте орналасу семасымен өзара


мағыналық, семантикалық үйлесімділік табады. Мысалы
, су ағып тұр
десек, қозғалыстың
жоғарыдан төмен қарай екенін білдіреді. Керісінше 
су ағып отыр
немесе 
су ағып жүр
деп
айтылмайды, қолданылмайды, тілдік нормаға сәйкеспейді. Ол етістіктердің семантикалық
тіркесімділігіне, үйлесімділігіне, талғап тіркесуіне қатысты. 
Көшу
етістігі де субьектінің кеңістікте бір орнынан екінші орынға ауысуын білдіреді.
Сонымен бірге мұнда көшуші субьектімен бірге оның дүние-мүлкінің де көшірілгенін
білдіретін астар бар және бұл арадағы етістікке ие болып отырған субьект жанды зат
болатыны да белгілі қарастырылған етістіктердің семантикасы қозғалыс бағытын
көрсетпегенмен, қозғалатын субьектінің қозғалу процесінің бейнесін көрсетеді. Демек,
айтылған етістіктер қозғалыс бағыты тұрғысынан қарғанда бейтарап етістіктер тобына
жатуы мүмкін. Бірақ бұл шарт көп жағдайда контекске қарап белгіленеді. 
Көшу
 
етістігінің бастапқы мағынасынан жеке адамның қозғалысынан – кеңістіктегі
жалпы қозғалыстың мағынасы туындайды. Мұнда көшуші субьекті жансыз зат болған
дағдайда көшу етістігі өзінің номинативтік – туынды мағынамен көрінеді. Мысалы, Ауыл
қыстақтан жайлауға
көшіп жатты,
жаңбыр себелеп бұлт
айналып кетті
. Қозғалыс
етістіктерінің тобына жатады, бұлар қандай бір жеке қозғалысты да, сондай-ақ жалпы
қозғалысты да білдіреді. Соңғысы қозғалыстың қандай жолмен жүзеге асатыны көмескі. Бұл
жағдайда аталған етістік орын ауыстырудың тәсілдері белгісіз, жаяу ма, көлікпен бе т.б
контекст бойынша айыруға болады.
Етістіктерді қозғалу бағыты тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ қозғалыстың
қарқыны,
қозғалу үдерісі 
жағынан да бейтарап екені көрінеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет