етістіктерімен тіркескенде лексикалық мағынасының
құрамындағы жөнелту , қозғау
салу семасын сақтап қалады.
Қозғалыс етістіктерінің архисемасы – орын өзгерту, ауыстыру,
бағыттық қозғалысты білдіретін лексика-семантикалық топ жалпы қозғалыс етістіктері құрамынан
дифференциалды семалары арқылы бөлініп шығады.
Қайт
етістігінің семалық жіктелімі мен сөзжасамдық ұясы:
архисема
– кеңістіктегі қозғалыс, орын өзгерту;
ортақ сема
– бағытты қозғалыс, нысанға
жақындау; көлденең бағыттағы қозғалыс; жылдамдығы жағынан бейтарап; 1)
Шыққан орнына
оралу, қайыра келу.
Ал елге
қайтамын
дегенің дұрыс. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
деген
(І.Есенберлин, Маңғыстау майданы).
Мен кеше туған жерге барып
қайттым
(Т.Молдағалиев, Жүректегі жазулар). Қатша…байы көз ұшынан жоғалғанша артынан
қараңғыға қарап тұрды да, ет салған қапты арқалап үйге
қайтты
(М.Әуезов, Қараш-қараш).
2)
Достарыңызбен бөлісу: