I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет24/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   230
 
Байланыстырып сөйлеуін тексеру
Байланыстырып сөйлеуін тексеру үшін төменгідегідей әдістерді қолдануға 
болады: 
1.
сурет бойынша әңгіме құрастыру. 
2.
сериялы сурет бойынша әңгіме құрастыру. 
Нұсқау. Суретке қарап, оларды ретімен қойып әңгіме құрастыр. 
3. Мәтінді тыңдап мазмұнын айту. 
Нұсқау. Мен қазір әңгіме оқып беремін, сен мұқият тыңдап, есіңе сақтап 
мазмұнын айтып беруің керек.
Мәтін екі реттен көп оқылмайды. Арнайы әдебиеттерде байланыстырып 
сөйлеудің бірнеше критерийлері қарастырылады. Олар: байланыстылығы, 
кезектілігі, логикалық-мазмұндық жағы, яғни оның тақырыпқа сәйкестілігі, 
толықтылығы. 
Кейінгі әдебиеттерде (Р.И. Лалаева, Т.А. Фотекова) байланыстырып 
сөйлеудің қалпы төменгідегідей критерийлер бойынша бағаланады: 
1.
мазмұндық тұтастығы – мазмұнның негізгі бөліктері дұрыс 
кезектілікпен, тақырыпқа сай берілген, себеп-салдары толық ашылады; 
2.
әңгіменің лексикалық-грамматикалық өңделуі, дұрыс қолдануы
сөздерді мағынасы, ұқсастығы бойынша шатастыру, алмастырудың 
байқалмауы, аграмматизмнің болмауы; 
3.
тапсырманы өзбетімен орындауы - әңгімені өзбетімен бірден 
құрастыруы. Көмек көрсетілуі, көмектің түрі. 
Осы аталған критерийлер бойынша баланың байланыстырып сөйлеуінің даму 
денгейі қортындыланады. 
 
Сөйлеу тілін түсінуін тексеру
 
 
Тексеру барысында сөйлеу тілін түсінуді де анықтайды. Сөздік қорын 
тексерген кезде бала заттың атын атай алмаса немесе дұрыс атамаса, онда 
оның сөйлеу тілінің енжарлығын тексеру керектігі, бұрын да айтылған 
болатын. Сонымен қатар сөйлеу тіліндегі айтылған сөздің мағынасын бала 
қалай түсінетіндігін ескеру керектігі көрсетілген болатын. 
Сөйлеу тілін түсінуін тексерудің ең қарапайым тәсілі — баланың 
ауызекі бұйрықты орындауы. Мысалы: "Кітапты ал. Есікті жап. Қағаз, 
қаламыңды ал". Балаға бір сөйлемнің ішіндегі екі-үш қимыл әрекетті бірден 
орындауды ұсынатын тәсіл қиынға соғады. Мысалы, балаға: "Дәптерді 


55 
үстелдің үстіне қой, есікті жап, орындықты алып бер" деген сөйлемді 
айтады. Нұскауды дұрыс орындау үшін бала сөйлемнің ішіндегі сөздердің 
құрамын және олардың синтаксистік байланысын түсінуі тиіс. 
Әр түрлі сөйлемдерді түсінуін тексеру кезінде негізгі назарды баланың 
жеке сөздерді қалай түсінетідігіне ғана аударып қоймайды, сонымен бірге ол 
сөздердің сөйлем ішіндегі байланысын қалай түсінетіндігіне де аударады. 
Сөйлеу тіліндегі кейбір грамматикалық тұлғаларды түсінуін анықтау үшін 
қолданылатын арнайы тәсілдердің түрлері бар. 
Зат есімнің жекеше және көпше түріндегі тұлғаларын түсінуін тексеру. 
Тексеру үшін біреуінде қалам, екіншіснде қаламдар бейнеленген екі суретті 
балаға көрсетеді де: "Мына суреттердің қайсысында қаламдар бейнеленгенін 
көрсет" деп нұсқау береді. 
Етістіктің және сын есімнің жекеше және көпше түріндегі тұлғаларын 
түсінуін тексеру. Тексеру үшін екі бейнелі суретті пайдаланады. Суреттің 
біреуінде сәкіде отырған бала, екіншісінде сәкіде отырған балалар 
бейнеленген. Суреттің біреуінде ағаштың бұтағында отырган балапаннын 
кішкентайлары. Балаға: "Ықыласпен тыңда. Мен қазір бір бейнелі суретті 
айтамын, ал сен қайсысын айтқанымды көрсетесің: "Сәкіде отырғандар .... 
Ағаштың бұтағында отырған ...." деп айтады. Егер бала аталған суреттерді 
түсінсе, онда суретті дұрыс көрсетеді.
Балалардың жалғаулықтарды қалай түсінетіндігін аныктау үшін 
бірнеше мысалдар келтіріп тексереді. "Кітапты үстелдің үстіне қой да, 
дәптерді астына қой " немесе "Бүгін ауа-райы қандай екен?" - "Қар жауып 
тұр, әрі күн суық". 
Септік жалғауларды қалай түсінетіндігін тексеру үшін, ең қарапайым 
тәсілдің түрін қолданады. Мысалы, баланың алдына қаламды, дәптерді, 
сызғышты қояды да, дәптерді және сызғышты көрсетуін өтінеді. Сосын: 
"Қаламмен сызғышты көрсет. Сызғышпен қаламды көрсет. Дәптерді 
сызғышпен, қаламды дәптермен, қаламмен дәптерді көрсет" деген 
нұскауларды орындатқызады. 
Сөйлеу тілін түсіну деңгейін анықтау үшін басқа тәсілдерді де 
қолданады. Мысалы, балаға логопед екі сөйлемді ауызекі айтады да, соның 
қайсысы дұрысын қайталауды өтінеді. «Көктемнен бұрын жаз келеді.
Жаздан бұрын көктем келеді». 
Логопед екі сөйлемді айтады да баладан «Екі сөйлем бірдей ме?» - деп 
сұрайды: «Бала иттің артынан жугіреді. Ит баланың артынан жүгіреді».
Немесе, «Бала иттің артынан жүгіреді» деген сөйлемді анығырақ түсіну үшін: 
"алдында не жүгіріп бара жатыр?" деген сурақты қояды. Сөйлемнің 
мынандай түрін де қолданады: "Мен үйге берілген сабақты орындағаннан 
кейін, мектепке кеттім." Баланың түсінігін байқау үшін "Бала, бұған дейін не 
істеді?" деген сұрақ қояды. 
Жоғарыда келтірілген сөйлемдер тіркестерінің тікелей әсер етуі 
бойынша түсіну мүмкін емес, себебі олар заттардың, қимыл-әрекеттердің, 
сапаларының бейнесін жеке оқшаулап көрсетпейді, керісінше олардың ара-


56 
қатынасы не тікелей өзгерген сөздермен, не көмекші сөздердің жәрдемімен 
немесе сөйлемдегі сөздердің ретімен көрсетілген. 
Оқуы мен жазуын тексеру
Оқу мен жазу сөйлеу тілі қызметінің ерекше түрі. Сөйлеу тілінің толық 
дамымауы мен оқу және жазуының бұзылуының арасында тығыз байланыс 
бар. Сондықтан, егер баланы тексеру барысында жалпы ауызекі сөйлеу 
тілінің толық дамымауы немесе дыбыстарды айтыуының дамуында ауытқуы 
анықталған жағдайда бұндай балалардың оқуы мен жазуды қалай 
меңгеретінін міндетті түрде тексеру керек. 
Сонымен, оқуы мен жазуы бұзылған баланың ауызекі сөйлеу тіліндегі 
кемістігінің әр уақытта байқала бермейтіндігін есте сақтау керек. Мектепке 
баратын уакытына қарай баланың сөйлеу тілінің фонетикалык кемістігі 
түзетілуі мүмкін, ал фонематикалық ауытқуы сақталып қала беретіндігін 
ескеру кажет. 
Жазбаша тілінің даму шарттарының бірі оның құрамындағы 
дыбыстарды саналы түрде талдау болып табылады, өйткені онсыз жазу 
дағдылары қалыптасуы мүмкін емес. 
Сондықтан, егер бала жазуында қатені жіберетін болса немесе мүлдем 
жаза алмаса, онда оның сөздің дыбыстык құрамын ауызекі талдап шығуға 
әзірлігін білу керек. 
 
Жазуын тексеру
Баланың жазуын тексерудің үлкен маңызы бар, себебі ол жазуды 
меңгеру дағдысының денгейін ғана емес, сонымен бірге ақаулыктарының 
түрлерін де анықтауға мүмкіндік береді. Жазу дағдысын 
 
жат жазу
арқылы 
тексереді. Қателердің себебін және ерекшелігін анықтау үшін дағдылануға 
байланысты сөздерден немесе қыска сөйлемдерден жат жазу жазғызады. Жат 
жазу үшін сұрыптап алынатын сөздер немесе сөйлемдер мүмкіндігінше оқу 
бағдарламасынын талабынан шықпауы керек, сонымен бірге олардың 
құрамында айтылуында жиі бұзылатын дыбыстары бар сөздер неғұрлым 
көбірек болғаны дұрыс. Осыған орай логопед төменгі сыныптың 
оқушыларына лайықтап жат жазу үшін сөздерді сұрыптап алады. 
Сонымен бірге 
көшірме жазуын
да тексереді. Жат жазуындағы 
жіберілген қателері мен көшірме жазуындағы жіберілген қателерді 
салыстырып, теңестіреді. Жазуды енді үйрене бастаған балаларға жат жазуды 
әріптерді жазғызудан бастайды. Балаға өзінің сөйлеу тілінің айтылуындағы 
жиі бұзылатын дыбыстарды жазғызады. Бала буындарды немесе қыска 
сөздерді айтумен қалай жазатынын тексереді. Қарапайым ашық буындарды 
/ма, па, та, са, за, ша, ра, да/, жабық буында /ат, ан, ар/, бірнеше дауыссыз 
дыбыстар қатар тұрған буындар /скр, трн, прл/, жеке сөздер /от, тон, жол, ат, 
шаш, қыс, жаз/, айтып жазғызады. 
Жазғызудың орнына кеспе әліппеден қиылып алынған әріптерді теріп сөз 
құрайды. 


57 
Жат жазумен қатар баланың айтуымен жазуында байкалмайтын кейбір 
қателерін жеке сөйлемді құрастыруының бұзылуын, сөздік қорының 
жеткіліксіздігін анықтауға мүмкіндік беретін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет