I теоретические основы логопедии


Аталған симптомдардың баланың көңіл күйіне  байланыстылығы дизартрияның бұл түрін тұтықпаға ұқсатады.  Қорытынды



Pdf көрінісі
бет60/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   230
 
Аталған симптомдардың баланың көңіл күйіне 
байланыстылығы дизартрияның бұл түрін тұтықпаға ұқсатады. 
Қорытынды. 
 
1.
Гиперкинетикалық дизартрияның белгілеріне дистония, дискинезия
жатады. 
2.
Ми қыртысы асты дизартрияның негізгі белгісі сөйлеу тілінің
просодикалық 
жағының 
бұзылуы: 
сөйлеудің 
жылдамдығы 
мен 
ырғақтылығының тұрақсыздығы, тыныс алуы мен дауыс шығаруының 
бұзылуы. 
3.
Дыбыс айтуы тұрақсыз. Дыбыс айтуының бұзылуы гиперкинездің
таралуы мен ауырлығына және сөйлеу кезінде көңіл-күйінің жағдайына 
байланысты. 
4.
Дизартрияның гиперкинетикалық түрі балаларда жеке сирек кездеседі,
көбінде спастикалық белгілермен қоса жүреді. 
5.
Сөйлеу тілінің дамуы қалыпты мөлшерде. 
 
 


124 
Дизартрияның атоникалық-астатикалық түрі 
 
Дизартрияның бұл түрін ауырлығы бойынша екі денгейге бөледі: 
дизартрияның көмескі түрі немесе дизартрияның минимальді байқалуы және 
ауыр түрі – анартрия. Сөйлеу тілінің басқаларға түсініктілігінің денгейіне 
қарай С. Тардьенің (1968) топтастыруы бар: 
-
дыбыс айтуының бұзылыстарын тек арнайы тексеру барысында ғана
анықтауға болады; 
-
дыбыс айтуының бұзылуын бәрі де байқайды, сөйлеу тілі басқаларға
түсінікті; 
-
баланың сөйлегенін тек жақын адамдар ғана түсінеді; 
-
сөйлеу тілі баланың жақындарынада түсініксіз. 
Дыбыс айту мүмкіншіліктерінің мүлдем болмауы немесе нашар 
байқалатын дизартрияның ауыр түрін 
анартрия
деп атайды. Әдетте ондай 
балаларда ми қыртысы асты аумақтарының зақымдалуына байланысты қол, 
артикуляция, дауыс және тыныс алу праксистері бұзылады. Ондай балаларда 
сөйлеу тілі мүлдем болмайды, дыбысты және буынды қайталауы шектелген, 
тек кейбір дауысты дыбыстарды «а», «э», сирек - «у», «о», «и» дыбыстарында 
байқалады. Анартрияда балалардың сөз түсінігі сақталған, ол фонематикалық 
қабылдауының біршама сақталғанын көрсетеді. 
Дизартрияның көмескі түрінің сипаттамасы 
 
Логопедияда дизартрияның көмескі түрі сөйлеу тіл кемістігінің ерекше 
түрі болып 20-ғасырдың 50 - 60 жылдары бөлініп шыға бастады. Р.А.Белова-
Давид патогенетикалық принципке негізделген сөйлеу тілінің дыбыс айту 
бұзылуының классификациясында екі негізгі түрін атайды: бұзылудың 
функционалды дислалиясы және орталық нерв жүйесінің органикалық 
зақымдалуының салдарынан болған дизартрия. 
Е.Ф. Соботович мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс айту 
бұзылыстарының патогенезін ескере отырып жүйелейді және неврологиялық 
симптоматиканың негізінде көрінген органикалық негізі бар дыбыс 
айтуының 
бұзылыстарын 
анықтайды. 
Ғалым 
бұл 
бұзылыстарды 
дизартриялық қатарындағы бұзылыс деп топтастырады. 
Бұл бұзылыс симптаматикасы БЦСА кезіндегі көрінетін дизартрияның 
классикалық түрлерінен өзгеше. Басқа да рессейлік және шетелдік 
зертеушілер симптоматикасы және табиғаты дислалия мен дизартрияға тән 
емес дыбыс айтылуының қалыптасуының бұзылуы байқалады деп 
дәлелдейді.
Аталған кемістіктің табиғаты көпке дейін белгісіз болды. Соған 
байланысты 
терминалогиясы 
әр 
түрлі 
(апраксикалық 
дизартрия, 
артрикуляторлы диспраксия, органикалық, орталық немесе күрделенген 
дислалия, функционалды дизартрия, минимальді дизартриялық бұзылыс 
және т.б.) болды. Кейінірек Е.Ф.Собатович, Р.И.Мартынова, Э.Я.Сизова, Э. 


125 
С. Макарова, Я. В. Лопатина және т.б. бұл кемістікті көмескі дизартрия 
немесе дизартрияның көмескі түрі деп атайтын болды. 
«Дизартрияның көмескі түрі» деген терминді ең алғаш рет О. А. Токарева 
қолданған. Оның пікірі бойынша, аталған кемістігі бар балалар көп 
дыбыстарды 
дұрыс 
айталады, 
бірақ 
еркін 
сөйлеуде 
олар 
машықтандырылмаған және ажыратылмаған болады. 
Зерттеулер алғашқыда дизартрияның көмескі түрін дыбыс айту кемістігіне 
жатқызғаннан кейін көптеген авторлар оны сөз және сөзсіз функция 
симптоматикасы ретінде қарастыратын болды. Қазіргі таңда арнайы 
әдебиетте дизартрияның көмескі түрі бас ми минимальді дисфункциясының 
салдарынан болған кемістік деп қарастырылады. Дыбыс айтуының 
бұзылуымен қатар зейін, есте сақтау қабілетінің, интелектуалды әрекет, ерік, 
жеңіл қозғалыс бұзылады және жоғары ми қыртысы функцияларының 
қалыптасуының бұзылыстары байқалады. 
Дизартрияның көмескі түрінің этиологиясын зерттеушілер (бас ми 
құрылымына пренатальді, натальді, ерте постнатальді кезінде әсер ететін 
жағымсыз фактрлар) органикалық себептермен байланыстырады. 
Көптеген жағдайда анамнездез баланың дамуының үш кезеңіде бір қатар 
жағымсыз факторлар тізімі кездеседі. Жағымсыз факторлардың ішінде 
жүктіліктің токсикозы, ұрықтың хроникалық гипоксиясы, анасының жүктілік 
кезіндегі хроникалық ауруы, анасымен ұрықтың резус - конфликттік 
жағдайлардағы нерв жүйесінің минимальді зақымдалуы, жеңіл асфиксиясы, 
туылған кездегі жарақаттану, баланың нәрестелік кезіндегі инфекциялық 
аурулары, т.б. Зерттеушілердің айтуы бойынша, баланың дамып келе жатқан 
миында жағымсыз факторлардың әсерінен зақым жайылмалы түрде болады 
және мидың толық дамуын тежейді, оның құрылымының қызметін бұзады. 
Дизартрияның көмескі түрі болған жағдайда әр түрлі неврологиялық 
симптоматикасы бар екенін ресейлік және шетелдік зерттеушілер атайды.
Орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуының симптомдары 
парездердің көмескі түрінде, бұлшық еттердің тонусының өзгеруінде 
мимикалық және гиперкинезде (еріксіз қозғалыстары - артық), паталогиялық 
рефлекстерде, вегетативті нерв жүйесінің бұзылуында байқалады. 
Г. В. Гуровец, С. И. Маевская, Б. А. Архипова дизартрияның көмескі түрі бар 
балаларда көз - қимыл жүйкесінің қызметі бұзылады дейді.
Бұл жағдайда бір жақты птоз, қылыйлық, көз алмасының қимыл- 
қозғалысының шектелгені байқалады. 
Дизартрияның көмескі түрі бар балалрдың қимыл-қозғалысы баяу
шектелген болады. Мұндай балардың жалпы моторикасы ұсақ моторикасына 
қарағанда жеткіліксіз зерттелген. Көптеген авторлар дизартрияның көмескі 
түрінде ұсақ моторикасының бұзылуы артикуляциялық моторикасының 
бұзылуымен бірге басқарушы симптомдардың бірі деп санайды. Л. В. 
Лопатина, Н. В. Серебрякова, балалардың ұсақ моторикасының бұзылуын 
айта отырып, олардың моторикасының нақты еместігін, үйлеспегендігін 
айтады. 


126 
А. В. Семенович синергетикалық сенсомоторлы жөне реципрокты
үйлесімдерінің күрлелі бұзылуына, синкенизияларының көптігіне назар 
аударады. Артикуляциялық моторикасының зерттеу кезінде дизартрияның 
көмескі түрі бар болғанда бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуы 
байқалады.Үшкіл нервтің төменгі бөлігімен, бет, тіл асты және 
тілжұтқыншақ нервтермен инервацияланатын үшкіл нервтің ( жұп) қызметі 
бұзылғаны төменгі жақ сүйегінің қимыл көмегінің шектелуінен көрінеді. Бұл 
жағдайда тіл және еріннің синкенезиялары, қимылдарының шектелуі, 
нақтылығы еместігі байқалады. Бет нервінің (VII жұп) қызметінің бұзылуы 
дизартрияның көмескі түрі бар балаларда мұрын, ерін қатпарларының 
ассиметриясы, тегістігі, мимикалық қимыл көлемінің жеткіліксіздігі көрінеді. 
Тіласты нервтің (XII жұп) иннервациясының бұзылуы тіл ұшының дірілі, 
оны статикалық қалыпта ұстауы, тілді жоғары көтеруі, бұлшық еттердің 
гипер- және гипотонусымен белгіленеді. Тіл жұтқыншақ нервтің (IX жұп) 
қызметінің бұзылуы жұмсақ таңдайдың жеткіліксіз көтерілуімен көрінеді. 
Сөйлеудің мұрындық ренкі байқалады, саливация, тілдің түбірі және 
ортасының қимылының көлемі шектеулі болады. Авторлар қимылдарының 
ауысуының, артикуляция мүшелерінің қимылдарын бір мезгілде 
қайталауының, персиверацияларының (еріксіз қайталанатын қимылдар), бір 
қатар қимылдарының қайталау кезінде орындарын алмастыруының 
қиындығы кездеседі деп ескереді. 
Артикуляциялық аппараттың моторикасының аталған бұзылыстарды әр 
түрлі фонетикалық жетіспеушіліктерді дәлелдейді. О.А.Токареваның айтуы 
бойынша аталған балаларда дыбыс айтылуының бұзылуы дислалияға 
қарағанда күрделі болады және логопедиялық ықпалды ұзақ талап етеді. 
Дыбыс айтудың ерекшеліктері инервацияның бұзылуының сипатына, 
артикуляция аппаратының мүшелерінің нерв бұлшық еттерінің қалпына 
байланысты болады. 
Г. В. Гуровец және С. Н. Маевскаяның мәліметтері бойынша жиі 
кездесетін бұзылыстар дыбыстарды бүйірлік, тісаралық, жіңішкеріп айту 
болып табылады. Дизартрияның көмескі түрі бар балалар күрделі 
дыбыстарды 
артикуляциясы 
жеңіл 
дыбыстарымен 
алмастырады, 
аффрикаттарды оны құрайтын компоненттеріне бөледі, қатаң дыбыстарды 
ұяң дыбыстарға ауыстырып айтады.
Зерттеушілер аталған балаларға дыбыс айтудың полиморфты бұзылуы 
тән дейді. (93,2%) Ол, көбінесе бұрмалап айтуымен және мүлдем 
айтылмауымен сипатталатын дыбыстардың үш тобы: ызың, ысқырық, 
сонорлар. Бұндай балаларда просодикалық бұзылуы жақсы көрінбейді. 
Дауысының тембірінің ерекшеліктері (жоғары, күшті, шәңкілдек немесе 
керісінше әлсіз, төмен, бәсең) әр түрлі интонацияның жеткіліксіз 
дифференциясы байқалады. Сөйлеу тілі бір келкі, мәнерсіз болады. 
Дизартрияның көмескі түріне арналған көптеген зерттеулерде (Г. В. Гуровец, 
С. И. Маевская, Е. Ф. Соботович, Л. В. Лопатина т.б.) бұндай балалардың 
фонематикалық қабылдауының бұзылуы жиі кездеседі деп айтылады. Олар 
есту арқылы қатаң-ұяң, жуан-жіңішке, аффрикаттарды және олардың 


127 
компоненттерін ажырата алмайды. Сөздің дыбыстық - буындық құрамының 
бұзылуы, дыбыстық - буындық талдау және жинақтау, фонематикалық 
түсінігін қалыптастыруының қиындығы оларға тән қасиет. 
Дизартрияның фонематикалық жетіспеушілігінің механизм жайында әліде 
талас мәселе болып тұр. 
Л. В. Лопатинаның айтуы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларда анық 
емес артикуляциялық образдары мен дыбыстардың есту дифференциальді 
белгілерінің шекаралары өшіріледі. Ал есту арқылы анық қабылдау және 
бақылау жоқ болғандықтан дыбыс айтуындағы ақаулықтары сақталады. 
Р.Е.Левина бұндай көрініс сөйлеу мүшелерінің морфологиялық және 
қимылдық зақымдануында көрінетін сөз кинестезиялары бұзылуы байқалады 
дейді .Сонымен, қазіргі дефектология әдебиеттерінде дизартрияның көмескі 
түрі кезінде кездесетін фонематикалық жетіспеушілік екінші реттік бұзылыс 
деп қарастырылады. 
Нейропсихолог - зерттеушілер (А. В. Семенович, Л. И. Серова т.б.) 
басқа көз қараста. Оларда дизартрияның көмескі түрі кезінде 
фонематикалық түсініктің бұзылуын басқарушы симптомдардың бірі деп 
санайды (сөйлеу тілдің фонематикалық жағының жетіспеушілігі мен қатар). 
Бірақ ол дыбыс айтудың бұзылыстарымен емес, ми жүйесінің 
цериброгенезінің бұзылуынан және жүйелі кешеуілдеуінің салдарынан дейді.
Е. Ф. Соботович, Л. В. Лопатина дизартрияның көмескі түрі бар 
балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағының жетілмеуі байқалатынын 
дәлелдейді: сөйлеу тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесінің жеңіл 
түрде жетілмеуінен экспрессивті сөйлеу тіліндегі аграмматизмдерге шейін. 
Авторлардың пікірлері бойынша бұл балалардың сөйлеу тілінің грамматика 
жағынан жеткіліксіз қалыптасуының себебі фонемаларды ажыратудың 
бұзылуы. Осы көз қарасты Н. В. Серебрякова да қолдайды. Ол дизартрияның 
көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің лексикалық-
грамматикалық жетіспеушілігінің салдарынан байланыстырып сөйлеуінің 
бұзылуы байқалады дейді. Бірақ басқа зерттеушілер бұл көзқараспен 
келіспейді (Р. И. Мартынова, Г. В. Гуровец, т.б.) Олар бұл бұзылыстар 
міндетті түрде көрінбейді, белгілі бір жағымсыз факторлардың әсерінен де 
болуы мүмкін дейді. 
Нейропсихолог-зерттеушілер дизартрияның көмескі түрі бар балаларда 
заттардың атауы мен олардың образымен сәйкестендіруі бұзылғанын айтады. 
Кейбір балаларда өзбетінше сөйлеуінің қалыптаспауы байқалады, сөзді 
жинақтау және реттеу функцияларының қалыптасуы кешеуілдейді. Бір қатар 
авторлар (Р. И. Мартынова, Е. Ф. Собатович, Л. В. Лопатина т.б.) 
дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жоғары психикалық 
функциялары мен процестерінің қалыптасуының ерекшеліктерін анықтады: 
ойлау әрекетінің төмендеуі, зейін және жадының функцияларының 
төмендеуі, сюжетті сериялық уақиғаның логикалық кезектілігін сақтауының, 
себептік байланысын орнатуының бұзылуы. 
О. А. Красовская, А. В. Семенович т.б. таңдамалы көру жады, 
қабылдауы, кеңістікті бағдарлауының ауытқулары дизартрияның көмескі 


128 
түрінің типтік симптомы деп белгілейді. Осылай О.А.Красовская затты көріп 
танудың бұзылуына назар аударады: заттың бейнесінің тек фрагменттерін 
қабылдау, симультанты гнозисінің бұзылуы және көрнекі бақылаудың 
жетіспеушілігі. Балалардың суреттерін зерттеу барысында балаларда 
көрінген бұзылыстар әр түрлі деңгейде болды дейді: көру-конструктивті 
әрекеттің толық ыдырап кетуі, суретті нұсқау бойынша салуының мүмкін 
еместігін, жеке бөлшектерін бұзып салуынан, кеңістікте дұрыс 
орналастырмауына дейін (90% деін бұрып салу). Осы проблеманы зерттеген 
авторлар көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларды бақылаған. Бірақ кейбір 
авторлар (Р. И. Мартынова, М. П. Давыдова, т.б.) дизартрияның көмескі түрі 
бар баланың мектепте оқу кезінде мүмкін болатын қиыншылықтары жайында 
ескереді. 
Л. В. Лопатина және Н. В. Серебрякованың айтуы бойынша 
дизартрияның көмескі түрі бар балалар 7 жасында да орыс тілінен мектеп 
бағдарламасын меңгеруге дайын емес дейді. Р. И. Мартынованың 
еңбектерінде дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жазуында 
дисграфиялық қателер кездеседі деген мәлімет бар. 
Г. В. Чиркина да осы кемістігі бар балаларда жазбаша сөйлеу тілінде 
кездесетін бұзылыстарға тоқталған. «Жалпы білім беру мектепке келген 
балалардың көбі бірінші сынып бағдарламасын меңгере алмайды» - дейді 
автор. 
Сонымен, арнайы әдебиетте дизартрияның көмескі түрінің келесі 
симптомдары кездеседі деген мәліметтер бар: 
-неврологиялық симптоматикасы; 
-көру гнозисының жетіспеушілігі; 
-кеңістік түсінігінің жетіспеушілігі; 
-есте сақтау қабілетінің жетіспеушілігі; 
-моторикасының бұзылуы; 
-сөйлеу тілінің просодикасының бұзылуы; 
-дыбыс айтуының, фонематикалық қабылдауының, сөйлеу тілінің лексика- 
грамматикалық жағының, байланыстырып сөйлеуінің дамуының төмен 
деңгейде болуы. 
Бұндай баланың психикалық дамуы ерекшеленген түрде өтеді және жүйелі-
динамикалық кешеуілдеумен, бір қатар психикалық функцияларының және 
процестерінің қалыптасуының бұзылуымен сипатталады. 
Нәтижелі жұмыс ұйымдастыру үшін дизартрияның көмескі түрінің 
симптомдар кешеніне тән басқарушы симптомды анықтау қажет. Сонымен 
бірге белгілі бір жағдайда көрінетін екінші реттік симптомдарды анықтау 
керек және осы категориядағы балалардың жазуы мен оқуына әсер ететін 
психикалық дамуының ерекшеліктерін жақсы білу қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет