I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет90/230
Дата18.04.2023
өлшемі5,47 Mb.
#174843
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   230
Тұлға дамуын түзету.
Ринолалиядағы сөйлеу тілінің ақаулығы науқастың 
тұлғасының құрылымына өз ізін қалдырады, сондықтан барлық 
логопедиялық сабақтар барысында үлкен назар оның дамуын түзетуге 
бағытталады. Логопед науқастың өз күшіне атқарылатын жұмыстың 
пайдалы және тиімді екеніне сенімін артқызады.
Осы мақсатта науқасты операцияға дейін және кейін аудиотаспаларға 
жазылған басқа науқастардың сөйлеуімен таныстыру қажет. Тындалған 
сөйлеу тіліне салыстырмалы талдау жасалады. 
Науқастарды логопедиялық сабақтар курсынан операцияға дейін және кейін 
өткен басқа науқастармен таныстырып қойған да пайдалы. Ересек 
науқастарға сөйлеу тілінің бұзылыстарының себептерін және логопедиялық 
жұмыстың 
мүмкіндіктерін 
түсіндіру 
қажет. 
Сабақтар 
барысында 
науқастардың (әсіресе балалардың) жетістіктерін мадақтау, жоғары 
эмоциональді тонусын қолдап отыру қажет. Логопед науқастың ішкі 
дүниесінің мүшесі сияқты болып, белгілі өмір мәселелерін шешуде, 
айналасындағы ұжыммен қарым-қатынастарында көмекшісі болуы керек. 
Логопедтің науқастың араласатын, өмір сүретін әлеуметтік шағын 
топтарында түсіндіру жұмысын жүргізуі де маңызды. 


187 
Ұжымды науқаспен жаңа қарым-қатынасқа дайындау –логопед міндеттерінің 
бірі болып табылады. Берілетін көмек сыпайы, байқаусыз, маңызды болуы 
керек. 
Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері 

Уранопластика операциясынан кейін логопед сабақтарға алынатын 


ринолалисы бар балалар құрамы біркелкі емес. Ол операцияға дейінгі 
логопедиялық сабақтардағы дайындық , операция нәтижелеріне, сапасына 
байланысты. Операция нәтижелері әр түрлі болуы мүмкін. Жақсы дегенде 
уранопластикадан кейін жұмсақ таңдай толық қалпына келеді, яғни ол ұзын 
және қозғалғыш болады, сондықтан көтерілгенде жұтқыншақтың артқы 
қабырғасымен (Пассаван валигімен) түйіседі. Көп жағдайларда жұмсақ 
таңдай уранопластикадан кейін де, қысқа болып, жұтқыншақтың артқы 
қабырғасымен түйіспейді, соның нәтижесінде таңдай жұтқыншақ қақпағы 
толық жабылмайды. Кейбір жағдайларда операциядан кейін таңдайға терең 
жаралар (таңдайдың жетілмеген жерлері) қалады да, қайталап операция 
жасауға тура келеді. 
Сабақтарға төмендегідей науқастар қабылданады: 
а) операцияға дейін логопедиялық дайындықтан өтпеген; 
ә) операцияға дейін біраз дайындықтан өтіп, сөйлеу тілі жақсарған; 
б) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейінгі логопедиялық сабақтар 
толық курсын өткен; 
в) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейін логопедиялық көмек 
көрсетілген. 
Уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтарға қатысу уақыты да, 
әр 
түрлі 
болуы 
мүмкін. 
Барлық 
осы 
факторлар 
ескерілгенде
уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыстың нақты жолдарын 
белгілеуге мүмкіндік береді. Ең бірінші – операцияның нәтижелілігінің мәні. 
Біздің ойымызша жаңадан жасалған таңдай хирургті, науқасты да 
қанағаттандырса, қайталап операция жасау қажеті жоқ. Логопедиялық 
жұмыстың мүмкіндіктері шамалы ақаулықтардың орнын толықтыруға және 
қайталап операция жасамай-ақ баланы дұрыс сөйлеуге үйретуге мүмкіндік 
туғызады. Хирургиялық араласу нәтижесінде баланың дұрыс сөйлеуді 
меңгеруіне мүмкіндігі мол болады. Логопед баланың жаңа анатомиялық 
жағдайда сөйлеп үйренуіне көмектесуі керек. Барлық науқастарға
(операцияға дейінгі дайындықтан өткен, өтпегеніне байланысты емес)
уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтар қажет. Себебі, операциядан 
кейін таңдай бұлшық еттер анатомиясы өзгеріп, сөйлеу тілінің сапасы 
операцияға дейін толық түзелген күннің өзінде қате көрінісін табуы мүмкін. 
Сабақтардың мөлшері, ұзақтығы мұндай жағдайларда оларды өткізу 
әдістемесі, қағидасы бірдей болғанымен өзгеріп тұрады. Операцияға дейінгі 
сабақтар ұсынылған әдістеме бойынша жүргізілсе, баланың операциядан 
кейін дұрыс сөйлеу мүмкіндігі толық туындайды. Ал, кейде жаңа 
жағдайларда дұрыс сөйлеуді меңгеруіне 5-6 сабақ жеткілікті болады. Ол 


188 
үшін баланың дәптері бойынша барлық дауысты, дауыссыз дыбыстар 
артикуляциясы қайталанып; диафрагмальді тыныс алу және ауызбен дем 
шығаруды үнемі қадағалап отырып, күнделікті сөйлеуінде таза сөйлеу 
дағдысы бекітіледі. Басында сөйлеудің темпі бәсеңсиді; кейіннен біртіндеп 
қалыптасып, баланың назары сөйлеудің анықтылығына, мәнерлілігіне 
бағытталады. Басында баланың сөйлеуін үнемі логопед, кейін ата-аналар 
немесе мектепте және үйде баламен араласатын адамдар қадағалайды. 
Уақытында логопед балаға кеңес беріп отырады. 
Бұл жайда ата-ананың мүмкіндіктерін бақылап, олардың жұмысына дұрыс 
бағыт беру қажет. Алғашқыда олар логопедтің жетекшісімен үйренген және 
бала жаттап алған материалды( дәптер бойынша) қадағалаулары керек, кейін 
біртіндеп баланың күнделікті сөйлеуін қадағалауға тартылады. Осыдан кейін 
мәтіндерді жаттауға немесе баламен әңгімелесуге арналған арнайы уақыт 
беріледі. Осылайша ата-аналар оның сөйлеу тілін үнемі қадағалап отыруға
көшеді. Мұндай қадағалауды мектепте мұғалімдер іске асырады. Жоғарыда 
айтылғандай, операция барлық жағдайда сөйлеу сапасына оңды нәтиже бере 
бермейді. 
Егер бала операцияға дейін логопедтің сабақтарына қатысқан болса, 
бірақ сөйлеу тілі таза емес болса, операциядан кейін мұрыннан сөйлеуін 
қоймаса, барлық логопедиялық жұмысты операцияға дейінгі аталған жүйе 
бойынша бастау қажет. Бала мұрыннан сөйлесе, сүйеніш дыбыс ретінде 
ешбір дыбысты пайдалануға болмайды. Бұл ережені ескермеген жағдайда 
логопедиялық әсер тиімділігі дыбыстар артикуляциясының сапасында 
көрінісін табады, ал олардың акустикалық сипаттамасы ақаулы болып қала 
береді. Уранопластикадан кейінгі логопедиялық сабақтарда естіп 
қадағалауды, фонематикалық қабылдауды дамытуға үлкен назар аударылады. 
Мектеп жасына дейін операцияға дейін логопедпен аталған әдістеме 
бойынша сабаққа қатыспаған балалар үшін сауат ашу сабақтарын еңгізуге 
болады. Бұл дұрыс сөйлеу тілінің дағдыларын ұзақ уақыт бекітуге және 
алдағы жазу бұзылыстарының алдын алуға көмегін тигізеді. Операциядан 
кейінгі жұмыста үлкен назар сөйлеуде мимика бұлшық еттерінің қатысына, 
сөйлеу кезіндегі артық шиеленесудың, синкинезиялардың пайда болуын 
алдын алуға аудару қажет. 
Сонымен, операцияға дейін аталған әдістеме бойынша логопедпен сабақ 
өткен науқастар, операциядан кейін де сөйлеу дағдылары үлкен сөйлеу 
материалында , барлық жағдайларда дұрыс сөйлеуге біртіндеп ауыса отырып 
қалыптасады. Операцияға дейін басқа әдістемелер бойынша оқылатын 
немесе мүлдем логопедиялық көмек алмаған ринолалиясы бар балаларды
тиянақты түрде логопедиялық тексеруден өткізу қажет. Әсер ету жолдарын 
тандауда сөйлеу тілінің ақаулығының ерекшеліктері және мүмкіндіктері 
ескеріледі. Егер, тілінде логопедиялық сабақтарға операциядан кейін келіп 
түскен ринолалиясы бар баланың сөйлеу тілінде мұрынмен сөйлеу, бет және 
мимика бұлшық еттері қатаймаса, бірақ дыбыстар қатары жоқ болса, онымен 
дислалиясы бар баламен өткізілетін сияқты сабақтар жүргізіледі, яғни бала 
дұрыс 
айта 
алмайтын 
дыбыстарды 
қою 
тәсілдерін 
қолдану. 


189 
Уранопластикадан кейін, сөйлеу тілінде болымсыз мұрын арқылы сөйлеу 
болса науқаспен сабақ өтуде жұмысты аталған операцияға дейінгі әдістеме 
бойынша жүргізу қажет.
Бұл жүйе мұрын арқылы сөйлеуді аз уақытта түзетуге және артикуляцияда 
мимика мен бет бұлшық еттерінің қате (дұрыс емес) қатысуын мүлдем жоюға 
мүмкіндік береді. Алғаш рет логопедиялық көмек алып отырған балалармен
сабақ өткізу барысында сөйлеуін естіп, зейінін дамытып, үйретіліп жатқан 
дыбыстарды кинестетикалық және тактильді сезінуін бекіту қажет. Бұрыңғы 
сөйлеу стереотипі жаңаға ауыстырылады. Сабақтарда ринолалиясы бар бала 
үйренген дұрыс сөйлеу дағдыларын бекіту әр балада әрқалай өтеді. Бұған 
бірқатар себептер бар. 
Сөйлеу арқылы қатынас кезінде жіберген қателерді жіберу баланың 
логопедиялық сабақтарда үйренген дағдыларын күнделікті өмірінде,
тұрмыста ерте қолдана бастағанына байланысты. Мұндай жағдайда 
үйретілген дағдылардың тұрақтылығы мен бекітілуі бұзылады. 
Логопед баланың сөйлеуін қадағалауды ата-анасына уақытынан ерте 
тапсырған жағдайда, кейде сөйлеу кезіндегі қателер байқалады. Ата-аналар 
баланың сөйлеуінің дұрыс еместігін білген күннің өзінде, түзету жолдарын 
көрсете алмайды. Түсініспеушілік туындайды. Кейбір жағдайларда бала өз 
сөйлеуін тиянақты бақылай алмайды, яғни ол өзін-өзі қадағалау қажеттілігіне 
сенімсіз, ал кейде басқа затқа көңілі ауып, өзін- өзі анда-санда ғана 
қадағалайды. Логопедиялық сабақтар аяқталса да, логопедпен бала 
арасындағы қарым-қатынас ұзақ уақытқа дейін созылады. Себебі: 
-
Ринолалиясы бар балалар жоғарғы ерінмен мұрынның қалған
ақаулықтарын түзету үшін косметикалық операциялар жасатып жатады. 
Әдеттегідей, мұндай операциялар 18-20 жаста жасалады. Кейде еріннің етін 
трансплантациялайды (орнын ауыстырады). Трансплантациядан кейін 
жоғарғы ерін сөйлеу әрекетіне біртіндеп қатыса бастайды және уақыты 
ұзаққа созылады. Бұл науқастың сөйлеуі қайтадан мұрын арқылы болуы 
мүмкін, себебі сөйлеу аппаратының жоғарғы бөліміндегі жағдайлар өзгереді: 
бұлшық еттердің бұрыңғы үйренген өзара байланысы бұзылды. Ерінге 
операция жасалғаннан кейін ауа ағыны ауыз қуысы арқылы өту үшін ауызды 
бұрыңғыдан (операцияға дейін) сәл кеңірек ашу қажет. 
Логопед кеңестері бұл жағдайда пайдалы. Сөйлеу тілі қалыпты болу үшін 3-
5 әңгімелесу өткізіледі. 
Мұрын мен мұрын қалқаншаларына операция жасап түзетілген соң сөйлеу 
тілін операциядан кейін де қадағалауды ұмытпау керек. 
Логопедиялық және психотерапиялық араласу баланың жыңыстық даму 
кезеңінде де қажет: себебі дауысы өзгереді. 
Көмейдегі физиологиялық өзгерістер және осы даму кезеңінде тыныс алуы 
өзгереді, сонын салдарынан жасөспірімдердің сөйлеуі қайталанып мұрын 
арқылы шығуы мүмкін. Егер бала қалыпты сөйлеу тілінің заңдылықтарын 
есінде сақтаса, мұндай мұрыннан сөйлеу біртіндеп кетеді. 


190 
Әрине, бұл кезеңде де оған логопед көмегі қажет. Логопед оның 
қиындықтарын 
айқындап, 
сөйлеудің 
темпін 
өзгертіп 
отырады, 
артикуляциялауды, тыныс алуды түзетеді. 
Бұл уақытта логопедиялық жұмыста көріп қабылдауын, кинестетикалық 
сезінуін және естіп бақылауын қолдану қажет. Әр түрлі анализаторларды 
кеңінен пайдалану қысқа мерзімде оңды нәтижелерге жеткізуге мүмкіндік 
береді.
Сонымен, уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыс операцияның 
жасалғанына және операциядан кейінгі жұмысты ескеру бойынша құрылады. 
Жұмыс әдістері науқастың сөйлеу тілі ерекшеліктеріне байланысты және 
психикалық статусын ескеріп қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет