Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Ҥшінші кезең – 1995 жылғы желтоқсанда заң кҥші бар «Жекешелендіру



Pdf көрінісі
бет51/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX

Ҥшінші кезең – 1995 жылғы желтоқсанда заң кҥші бар «Жекешелендіру 
туралы» Жарлық қабылдаудан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты
.Үшінші 
кезеңде «Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы» қабылданды. Ол қатаң шектеу 


арқылы инфляцияны тҿмендетуді кҿздеді. Тұрақтандыру бағдарламасы нарықтық 
экономика инститтуттары мен инфрақұрылымды дамыту, халықаралық стандарттарға 
сҽйкес екі деңгейлі банк жүйесін жаңғырту, инвестициялық жҽне сақтандыру 
компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру, қатаң ақша-несие жҽне 
нысапты бюджет-салық саясатын жүргізу, ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол 
жеткізу, атаулы жалақыны, берілетін несиелерді шектеу жҽне ақша массасының қатаң 
кҿлемін (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгілеу мақсаттарын алға қойды. Бұл кезеңде 
шет ел капиталы кеңінен тартылды. Нарықтық құрылымдарды дамытуға кҿңіл бҿлінді.
Үшінші кезең – секторлық бағдарламаларға кҿшу. Бұл кезде жекешелендіру электр 
энергетикасы мен мұнай-газ саласын қамтыды. Кҽсіпорындар соны серпінде дамып, жаңа 
жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады.
Төртінші кезең – 1999 жылдан басталды
.
Бірінші кезекте мемлекеттік мүлікті 
басқаруды жетілдіру қажет болды. Мемлекеттік жҽне коммуналдық кҽсіпорындарды 
оңтайландыру басталды. Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық 
саясатқа басымдық берілді. Инвестициялар туралы заңдар қабылданып, инвестицияларды 
ынталандыру жҽне ҿзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы 
бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды. 
Жекешелендірудің тҿртінші кезеңінің алғашқы бастауында – 1999-2000 жылдарға 
арналған жекешелендіру жҽне мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруды арттыру 
бағдарламасы тұрды. Құжаттың мазмұны алдыңғы жылдардағы экономикалық 
реформалардың айтарлықтай маңызды нҽтижелерін белгілеуге мүмкіндік береді. Басты 
нҽтиже – нарықтық экономиканың негізі ретінде жекеменшіктің қалыптасуы. «1999-2000 
жылдарға арналған жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін 
арттыру бағдарламасын» іске асыру барысында мемлекеттің үлестік қатынасы бар – 10 
жетекші кҽсіпорын анықталды. Олар: «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту ҿндіріс 
бірлестігі», «Ҿскемен титан-магний комбинаты», «Қазақтелеком», «Қазақстан алюминиі», 
«Ақтҿбемұнайгаз», 
«Маңғыстаумұнайгаз», 
«Қазцинк», 
«Қазақмыс», 
«Қазхром 
трансұлттық компаниясы», «Қазақстанның Халық Жинақ банкі». 1999 жылы 
«Қазақстанның Халық Жинақ Банкі» АҚ-ның мемлекеттік пакеті акциясының бір бҿлігін,
2000 жыл соңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ын жекешелендіру ҿткізілді. «Қазақстан 
алюминийі», «Қазақмыс», «Маңғыстаумұнайгаз», «Ақтҿбемұнайгаз», «Қазақстанның 
Халық Жинақ банкі», «Ҿскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамдарының 
мемлекеттік пакеттері түгел сатылды.
Тҿртінші кезеңде мемлекеттік жҽне мемлекеттік коммуналдық кҽсіпорындарды 
оңтайландыру жұмысы басталды. Мемлекет меншігінен алу мен жекешелендірудің ҿзіндік 
қиындықтары, қарама-қайшылықтары болды. Ішкі нарықты қорғаудың нақты жүйесі 
болмағандықтан, сырттан кҿптеп енген арзан шетелдік ҿнімдер отандық ҿнімдерді 
ығыстырып, кҽсіпорындардың күйреуіне қосымша ықпал етті. 1999 жылы пайдалы 
шаруашылықтар 21,9%-ды, шығынды шаруашылықтар 78,1%-ды құрады.
Жекешелендіру – Қазақстанның қазіргі тарихындағы нағыз қайшылықты үдеріс. 
Жекешелендіруге байланысты қаншама сын айтылды. Қиындықтар мен кемшіліктер орын 
алды. Дегенмен, ол процесс ҿзінің мақсатына жетті. Қазақстан экономикасында 
жекеменшік секторы пайда болды. Халық жекеменшіктің ұтымды тұстарына кҿз жеткізіп, 
еңбек ету мүмкіндігін алдыңғы кезекке шығарды. 
3. Бҽсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бҽсекеге қабілетті экономика үшін,
бҽсекеге қабілетті халық үшін! Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы
(Астана қаласы, 2004 жылғы 19 наурыз) 
Күн тҽртiбiндегi мҽселе ҽлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның бҽсекеге қабiлеттiлiгi 
туралы, бiздің экономикамыздың бҽсекеге қабiлеттiлiгi туралы жҽне қазақстандық 


ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесшiлердің, мамандардың, жұмысшылардың бҽсекеге 
қабiлеттiлiгi туралы болып отыр. 
Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ ҽлеуметтiк салаларда 
да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын ҽзiрлеуге кiрiсуiмiз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет