20
САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Сыйақының ерекше нұсқаларынан қоғамдық тәртіп бойынша (егер ЖОО рұқсат етсе) практиканы есептеуге,
ресми ұсыным хатты және т. б. ресімдеуге болады. Осындай шарттарды жобаны іске асыруға волонтердің қаты
-
суы туралы екі жақты келісімге (және мүмкіндігінше) енгізуге болады.
ҮЕҰ кейде волонтерлердің жұмысы - бұл тең құнды алмасу екенін түсінбейді және волонтерлер оларды тартқан
ұйымнан кем түспей ұтады.
Болашақ мансабының маңыздылығын түсінетін жас адамға практикалық менеджмент дағдыларына үйрету қан
-
дай сомаға болатынын ойлаған жөн. Ол сол дағдыларды іс жүзінде, жайлы атмосферада және жасалып жатқан
жұмыстың маңыздылығын сезінуде дамытады.
V КЕЗЕҢ. ҰСТАП ҚАЛДЫРУ ЖӘНЕ АЛМАСТЫРУ
VI КЕЗЕҢ. АЯҚТАУ.
Волонтерлердіді ұйымда ұстап қалу - үйлестірушінің
және барлық ұйымның негізгі міндеттерінің бірі. Во
-
лонтерлермен үнемі байланыста болу, олардан кері
байланыс алу, күтуді бейімдеу маңызды.
Волонтерлерді ұстап қалу үшін ұйым не істей алады:
•
Өсу, жауапкершілікті арттыру, бастаманы көтер
-
мелеу мүмкіндіктерін жасау.
•
Жалпы жоспарлауға тарту.
•
Волонтерлер жұмысына деген уәждеменің өзгеру
динамикасын ескеру.
•
Құзырет шегінде дербес шешім қабылдау құқығын
беру.
•
Басқа іс-шараларға қатысуға тарту.
•
Ішкі мерекелерді, үздік волонтерге арналған кон
-
курстарды ұйымдастыру (волонтерлерге номина
-
циялар беру).
•
Мансаптық баспалдақпен көтермелеу - жаңа во
-
лонтерлерді үйрету, тәлімгер болу.
Әрине, барлық волонтерлердің қалғысы келмей
-
ді және қала бермейді. Сондықтан, волонтерлердің
келер буынын қазіргі жастар кетер алдында ойла
-
стырған жөн. Тәжірибелі волонтерлерден сабақ
алу мүмкіндігімен жаңа волонтерлерді алдын-ала
тарту - осылайша, ұйым волонтерлерді ауыстыру
-
ды қамтамасыз етеді. Оқушылармен жұмыс істейтін
кейбір ұйымдар сегізінші сынып оқушыларын тарта
-
ды. Оқыту тоғызыншы сыныпқа ауысқанда, олар өз
бетінше жұмыс істей бастайды, ал оныншы сыныпта
сегізінші сынып оқушыларын жұмысқа дайындайды.
Олар он бірінші сыныпқа ауысқанда және емтиханға
дайындалуға байланысты бос уақыттары болмаған
уақытта - қазірдің өзінде дайындалған тоғызыншы сы
-
нып оқушылары бар. Бұл қағидатты кез келген қызмет
саласында және волонтерлердің кез келген жасынан
басшылыққа алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: