Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»


Күтпеген сәтте волонтерлер тобынсыз қалмау



Pdf көрінісі
бет21/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
Волонтерлік

Күтпеген сәтте волонтерлер тобынсыз қалмау 
үшін екі нәрсені істуге болады:
• 
Волонтерлер үшін есіктерді әрдайым ашық ұстау 
және шақыруды мезгіл-мезгіл қайталау (әрине, 
олар үшін жұмысты алдын ала жоспарлай оты
-
рып). Егер сіз стратегиялық тұрғыдан ойласаңыз 
және ұзақ мерзімді және маңызды, бірақ шұғыл 
міндеттер болмаса, мұны жасауға болады. Жаңа 
волонтер келді – оқытып шұғыл емес тапсырма 
берілді. 
• 
Тәлімгерлік мәдениетін құру – жаңа волонтерлер 
анағұрлым тәжірибелілерден білім алады, бұл ұй
-
ымның тұрақты қызметкерлерін оқытуды жүргізу 
қажеттілігінен босатады. Мұндай оқыту моделі 
каскадты деп аталады және қайталанатын цикл
-
мен жобаларда өзін жақсы көрсете білді: жобада 
бір уақытта түрлі тәжірибесі бар волонтерлер жұ
-
мыс істейді: шеберлер, тәлімгерлер, тағылымда
-
мадан өтушілер (атауын ойлап табуға болады.
және мысалы, жоба циклдерінің санына қарай 
бекітуге болады)
Коммерциялық емес менеджменттің негізін қала
-
ушылардың бірі Питер Драккер былай деп жазды: 
«Волонтерді жақсы әуесқойдан оқытылған, кәсіби, 
төленбеген штат мүшесіне біртіндеп айналдыру 
үшінші сектордың ең маңызды жетістіктерінің бірі 
болуы тиіс». Волонтерлер қозғалысының дамуы, 
оқытылған волонтерлерді оқыту белсенді азамат
-
тық, әлеуметтік жауапкершілік және жалпы құн
-
дылықтарға деген жаңа көзқарасты қалыптасты
-
рады. Әлемнің көптеген елдерінде университеттер 
мен колледждердің студенттері міндетті түрде во
-
лонтерлер болып белгілі бір сағат санын жұмыс 
істеуі керектігі кездейсоқ емес - қоғам қызметі олар
-
дың құндылығын және болашақта кәсіби маман 
ретінде арттырады. Волонтерлер осы ұйымда ақы 
төленетін қызметкер мәртебесіне ауыса алады. 
Басқа ұйымға кетіп немесе волонтерлік қозғалы
-
стың дербес көшбасшылары бола алады. Ұйымның 
серіктестері немесе ұйым қызметінің демеушілері 
бола алады.
Волонтерлер – ұйым үшін ең маңызды ресурс. 
Сонымен қатар волонтерлерді тарту азаматтық 
қоғамды дамытуға, азаматтық бастаманы қалып
-
тастыруға, азаматтарды шешім қабылдау үдірісіне 
тартуға көмектеседі. Оларды тарту мен дамытуға 
стратегиялық көзқарас тұтастай алғанда барлық 
қоғамға әсер етеді .


21
BIRGEMIZ ASYL MURA 
ВОЛОНТЕРЛІКТІ АҚПАРАТТЫҚ 
ІЛГЕРІЛЕТУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет