28
САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ
ВОЛОНТЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚАДАМДАРЫ
ОБЛЫС ЖӘНЕ АУДАН ДЕҢГЕЙІНДЕ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ САҚТАУ
САЛАСЫНДА ВОЛОНТЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚАДАМДАРЫ.
МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚАДАМДАРЫ.
1.1. Әдіснамалық орталық бірінші кезекте мәдениет мекемелерінің, білім беру мекемелерінің (мәдениетпен,
тарихпен байланысты), ҮЕҰ, діни ұйымдардың, Қазақстан халқы Өңірлік ассамблеясының және ірі компаниялар
-
дың басшыларын (өкілдерін) шақыра отырып, Облыстың мәдениет басқармасы үшін Волонтерлер жылының пре
-
зентациясын өткізу қажет.
1.2. Облыс деңгейінде мүдделі ұйымдардың өкілдерінен тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы жұмыс
тобын құру. Ұйымдардың тізімін қалыптастыру:
•
волонтерлерді қабылдау үшін,
•
волонтерлерді дайындау және үйлестіру үшін,
•
волонтерлерді оқыту үшін (жаттықтырушыларды алдын ала даярлаумен).
1.3. Әрбір мүдделі ұйымда волонтерлермен жұмыс жөніндегі үйлестірушіні тағайындау.
1.4. Жауапты тұлғаларды тағайындай отырып, Волонтерлер жылын өткізу туралы бұйрық дайындау.
1.5. Волонтерлік қызметпен айналысуға ниет білдірушілерді шақыра отырып, дайындалып жатқан іс-шаралар
туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау. Ақпарат волонтерлердің қатысу нұсқаларын және оларды көтермелеу нұсқа
-
ларын барынша егжей-тегжейлі баяндау қажет.
1.6. Өңірлік орталықпен ынтымақтастықта волон
-
терлер мен мәдениет мекемелерінің өкілдерін оқыта
-
тын облыстық жаттықтырушылар тобын дайындау.
1.7. Жобалық кеңсемен ынтымақтастықта облыстық
және аудандық деңгейде «BIRGEMIZ ASYL MURA» жо
-
басын іске асырудың жол картасын әзірлеу.
1.8. Жол картасы шеңберінде «BIRGEMIZ ASYL
MURA» жобасының жол картасының орындалуын бақы
-
лау және мониторинг жүйесін жобалық кеңсеге есеп
беру мерзімдерімен енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: