Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»


Мәдениет ұйымдарында волонтерлердің жұмысын жоспарлау



Pdf көрінісі
бет32/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
Волонтерлік

2.6. Мәдениет ұйымдарында волонтерлердің жұмысын жоспарлау.
2.4. Мекемеде волонтерлермен жұмыс жөніндегі үйлестірушіні тағайындау және онымен бірге әрбір бөлімше 
үшін волонтерлердің рөлі мен функцияларының сипаттамасын жасау. Егер мекемеге волонтерлер ретінде сту
-
денттер келсе, олардың міндеттерін оқу орындарының басшылығымен де келісу қажет.
2.5. Мекеме мамандарымен, бірлесіп волонтерлерді бағдарлау үшін қажетті оқу көлемін анықтау. Бағдар бой
-
ынша сабақтарға мекеменің тәртібі, тәртіп ережелері, келушілермен/клиенттермен қарым-қатынас жасау тәжіри
-
бесі енуі тиіс.
«Волонтеры культуры» Ресейлік Қоғамдық қозғалысының волонтерлік тәжірибелері жинағында мәдениет 
мекемелерінде, атап айтқанда, кітапханалар мен мұражайларда волонтерлік қызметтің көптеген мысалдарын 
табуға болады.
2.6.3. Волонтерлермен жұмысты жоспарлау кезінде бөлімдерде (белгілі бір команда немесе ауысым келген 
кезде) жалпы жиналыстар мен жоспарлау кеңестерін өткізу уақытын қарастыру қажет. Осы уақытта соңғы жина
-
лыстан өткен уақыт кезеңіне шолу, туындаған мәселелерді талқылау, тапсырмаларды бөлу, әр түрлі жағдайлар 
мен оқиғалрды талқылау жүргізіледі. Жиналысты мекеменің үйлестірушісі жүргізеді, оған қызметкерлердің қаты
-
суы жөн. 


30
САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
2.6.4. Волонтерлерді оқыту. Волонтерлерді оқыту алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша жүргізілуі тиіс. 
Ол әдіснамалық орталықпен әзірленеді, бірақ әрбір мекеме үшін ерекше болатын ақпаратпен қамтамасыз етілуі 
тиіс. Волонтерлердің келушілермен алғашқы кездесулері немесе құжаттарды өңдеу, экспонаттармен жұмыс үй
-
лестірушінің немесе тәлімгерлердің қатысуымен өтуі тиіс. Мекеме қызметкерлері келушілердің қатысуымен емес, 
алдын ала волонтермен танысады және әңгімелеседі. Бағдар практикасы мекеме қызметкерімен бірлесіп қызмет, 
қажетті әрекеттерді көрсету, бірлескен жұмыс түрінде жасалады. Бірнеше демонстрациядан кейін және бірлесіп 
жұмыс істегеннен кейін ғана волонтерге қажетті әрекеттерді өз бетінше орындауға тапсырма беруге болады. 
2.6.5. Волонтерлерді ілгерілету. Волонтерлік жобаның үйлестірушілері волонтерлермен үнемі кездесулер өт
-
кізеді, олардың тәжірибесін талқылайды, көмек көрсетеді, проблемалар туындаған жағдайда оларды шешуге 
көмектеседі. 
2.6.6. Волонтерлерді марапаттау. Волонтерлерге алғыс білдіру тәсілдерін ойластыру. Ең бастысы – бұл назар 
аудару: туған күніне арналған ашықхатпен құттықтау, волонтерлердің балын ұйымдастыру және мекемеге жыл 
ішінде 50 сағаттан астам уақыт жұмсағандарды атап өту. Марапаттаудың басқа түрлеріне достарға арналған 
абонементтер/билеттер, эксклюзивті дәрістерге/семинарларға немесе жабық көрмелерге қол жеткізу, серіктестік 
дүкендерге/кафелерге жеңілдіктер, кәдесый өнімдері, халықаралық жобаларға қатысу кіреді. Волонтердің жұмы
-
сы аяқталғаннан кейін ұсыным хатты ұсынуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет