САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ЕСКЕРТКІШТЕРДІ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТКЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ТАРТУ ҚАДАМДАРЫ.
3
3.1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және
қалпына келтірудің мақсаттары мен міндеттері.
Сохранение и восстановление памятников истории и культуры
— тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және қалпына кел
-
тіру — тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңызды тармақтары
-
ның бірі.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдаланудың
мақсаты оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды, танымал етуді
қамтамасыз ету болып табылады. Тарихи-мәдени мұра объек
-
тілерін қорғау мен пайдаланудың міндеттері:
1. тарихи-мәдени мұра объектілерінің жай-күйін анықтау, есеп
-
ке алу, зерттеу және мониторингілеу;
2. тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
3. тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
4. тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұ
-
мыстар мен ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу
кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәу
-
лет-көркемдік келбетінің сақталуын қамтамасыз ету.
Бұл міндеттерді іске асыру облыстардың, республикалық маңы
-
зы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органда
-
рының құзыретіне кіреді. Волонтерлерді тарту үшін қандай коммерциялық емес ұйыммен немесе институтпен
ынтымақтасуға және қандай бағытта жұмыс істеуге болатынын анықтау қажет, өйткені кейбір әрекеттер (мысалы,
қалпына келтіру) лицензиялауды және мамандандырылған дағдыларды талап етеді.
Волонтерлік қызметті дамыту бойынша алғашқы қадамдар – мәдениет мекемелеріндегі сияқты – презентаци
-
ялаудан бастап қызметті жоспарлауға дейін. Волонтерлерді қабылдау кезінде олар қандай қызметке тартылаты
-
нын және волонтердің портретін нақты сипаттауды ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |