Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»



Pdf көрінісі
бет31/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Байланысты:
Волонтерлік

КЕЛУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫС.
 
Волонтерлер жиі келушілер ретінде келіп, өз тәжірибелерін жұмысқа алып, экс
-
курсияларға ақпарат беруді жақсарта отыра немесе экспонаттар, қызықты кітаптар бойынша ұсыныстар 
бере отырып, келушілермен олардың тілінде сөйлесе алады. Олар мұражай залдарын ашар алдында дай
-
ындап, балаларға немесе инклюзивтік топтарға экскурсиялар жүргізе алады, әлеуметтік сауалнама жүргізе 
алады, мастер-класстар, эксперименттер, квесттер, балалармен кітап оқуды ұйымдастырады.
• 
ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫС. 
Волонтерлер мұрағат материалдарын іріктей және каталогтай алады, қажетті 
материалдарды цифрлай алады, зерттеу жобаларына қатыса алады, кітаптардың түптеуін жөндеу/жаңарту, 
деректер базасын жүргізу, түрлі тілдерге аудару, сауалнамалар, буклеттер/постерлер жасау, аудиокітаптар 
оқу секілді жұмыстарды істей алады.
• 
ЭКСПОНАТТАРМЕН ЖҰМЫС.
Волонтерлер реставраторларға көмек көрсете алады, экспонаттарды сипат
-
тай алады, экспонаттарды көрмелерге немесе орын ауыстыруларға дайындайды, көрмені ресімдей алады.
• 
ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗУ. 
Бұдан басқа, волонтерлер дәрістерде, сабақтарда, ғылыми зертханаларда асси
-
стент бола алады, көпшілік іс-шараларды (мастер-класстар, сөз сөйлеулер, конкурстар) өткізуге көмектесе 
алады, волонтерлер инклюзивтік топтар жүргізе алады немесе өздерінің мәдени жобаларына бастамашы 
бола алады.
• 
ИНТЕРНЕТТЕ ІЛГЕРІЛЕТУ. 
Цифрландыру мәдениет пен тарихтың қолжетімді болуына көмектеседі. Ме
-
кемелерде әрдайым өзінің мамандары немесе әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізу немесе іс-шараларды 
ілгерілету, фототүсірілімдер, интернетте мекеменің оң имиджін құру үшін жеткілікті уақыт жоқ, және дәл осы 
жерде волонтерлер өз дағдылары мен ақпараттық арналарын пайдалана отырып, көмектесе алады.
• 
МАМАНДАНҒАН, ТАР БЕЙІНДІ ЖҰМЫС
тиісті білімі мен тәжірибесі бар адамдарға арналған.Олар сәулет
-
шілер; археологтар; кітапханашылар/мұрағатшылар; мәдениеттанушылар/тарихшылар; IT-мамандар, түрлі 
маманданған техниктер болуы мүмкін. Мәдениет мекемелері үшін қазіргі таңда мобильді қосымшаларды, 
виртуалды карталарды құру, компьютерлік сауаттылыққа оқыту (егер кітапханада компьютерлер бар зал 
болса), меценаттарды іздеу өзекті. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері болып табылмайтын әр түрлі 
кәсіпқойларды, суретшілерді, әртістерді, дизайнерлерді тарта отырып, балаларға, жастарға немесе аға 
буынға – кез келген жас немесе әлеуметтік топқа тартымды мәдени кеңістікті құруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет