35
BIRGEMIZ ASYL MURA
МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРМЕН
ЖҰМЫС ЖАСАУ ҚАДАМДАРЫ.
ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӘЛЕУМЕТТІК
ЖОБАЛАРҒА ТАРТУ ҚАДАМДАРЫ.
5
6
Егер онымен тұрақты негізде волонтер топтарын мәдени іс-шараларға дай
-
ындайтын арнайы ұйым айналысса, оны жеке бағыт ретінде бөліп көрсетуге
болады. Сондай-ақ, біржолғы ірі мәдени іс-шара өткізетін кез келген ұйым үшін
өзекті болады.
Волонтерлерді қабылдау іс-шараның мазмұнына қарай жүргізіледі – бұл әр
түрлі жастағы және құзыреттіліктегі волонтерлер, немесе қысқа бағытталған
дағдылары бар волонтерлер (мысалы, режиссерлер немесе цирк әртістері)
болады.
Қазақстанда мәдени іс-шараларға Қазақстан халқы Өңірлік ассамблеяла
-
рынан волонтерлерді де тартуға болады, олар іс-шараны жоспарлауға мәдени
әртүрлілікті енгізе алады. Сонымен қатар, бұл Ассамблея жетекшілерімен жұ
-
мылдырылатын, ұйымдастырылған топтар.
Іс-шараны дайындау барысында қызметкерлер мен волонтерлер арасында міндеттер мен орындайтын функ
-
циялары өзара бөлінеді. Волонтерлер келушілерді қарсы алады, тіркейді, тарату материалдарын бере алады,
билеттерге купондарды айырбастайды немесе билеттерді тексере алады, аумақты қорғауға немесе келушілерді
жолдауға, орындарға отырғызуға, экспозицияға дейін шығарып салуға, денсаулығына және т.б. мүмкіндігі шекте
-
улі адамдарға жеке көмекшілер бола алады.
Егер осы іс-шара мекеме ішінде, мысалы, мұражайлар түні болса, онда волонтерлер экскурсиялар жүргізе
алады, буклеттер тарата алады, қажет болған жағдайда мастер-класстар және т.б. өткізеді.
Әрине, ірі іс-шараларда фото және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын волонтерсіз болмайды. Егер мұндай
волонтерлер бірнешеу болса, олардың арасында іс-шара немесе оқиға аймағын бөлу немесе оларға мекеменің
белгілі бір аумағын бекіту қажет.
Ірі іс-шаралардың волонтерлері үшін олар келушілерден ерекшеленетін және оңай танылатын киім-кешек;
су және тамақтану; мүмкін, жол/тұру орнын толтыру немесе ұйымдастыру (мысалы, фестиваль қала сыртында
өткізіледі). Осындай іс-шараларға медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету қажет, сол кезде қажет болған
жағдайда алғашқы медициналық көмекті қамтамасыз ететін волонтерлер-медицина қызметкерлерін тартуға
болады.
Егер іс-шара бір күн/түн немесе бірнеше күн бойы созылса, волонтерлердің шығу кестесін құру, сондай-ақ
жеке заттарын сақтау, жинау, киім ауыстыру және сақтау орындарын жайластыру қажет болуы мүмкін.
Іс-шарадан кейін (немесе оның әрбір күні) волонтерлермен кері байланыс жинаумен, проблемаларды талқы
-
лаумен және алдағы қадамдарды жоспарлаумен кездесу өткізіледі. Соңында барлық волонтерлерге алғыс
білдіру үшін көп уақыт бөліңіз,мүмкіндігінше киім-кешекті немесе кәдесый өнімдерін сыйлыққа қалдырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: