САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Волонтерлер не істей алады және өңір волонтерлерді тарихи және мәдени орындар бойынша
туризмге тартудан қалай ұтады?
Жергілікті жердің мәдени және тарихи ерекшеліктерін
ілгерілетуге қоғамды тарта отырып, өңірдің туристік тар
-
тымдылығы артады.
Волонтерлерді тарихи орындар бойынша экскурсия
-
лар өткізуге тартудан басқа, волонтерлер жаңа бағыттар,
бос уақыт пен демалысқа арналған кеңістік, арт-инстал
-
ляция құра алады. Осы бағытта мемлекеттік органдар
үшін волонтерлердің жергілікті кеңістік туралы идеялары
мен ұсыныстарына ашық болу маңызды. Волонтерлер
-
ден кері байланыс мәдени және тарихи объектілердің
инфрақұрылымын жақсартуға, объектілер мен маршрут
-
тардың тізілімін толықтыруға, өңірлік дамуға жаңарту
-
ларды енгізуге көмектеседі.
Цифрлық технологиялардың дамуын ескере отырып,
волонтерлер соқпақтар мен табиғатты суретке түсіріп
қана қоймай, 3D турларды әзірлеп, оларды өңірлік ресми
беттерінде орналастыра алады.
Аумақты тексеру және жайттарды (мысалы, өрттерді) болдырмау мақсатында, тіпті туристік ағын болмаған кез
-
де де маршруттардан тұрақты өтетін патрульдік волонтерлер тобын оқытуға болады. Осындай патрульдерді айы
-
на 1 рет (немесе одан көп – маусымға және климаттық жағдайларға байланысты) өткізуге болады.
Қазақстанның мәдениет және тарих ескерткіштері бар жерлерінде волонтерлер қызықты туристік маршруттар
-
ды, бірегей экскурсияларды немесе жергілікті өзгешеліктері – аңыздармен, ертегілермен, тамақтанумен немесе
құпия орындарымен квестерді әзірлеуге көмектесе алады. Сондай-ақ, инклюзивтік топтар үшін маршруттар не
-
месе экскурсиялар әзірленуі мүмкін. Танымал бағыттарда волонтерлердің болуы әр түрлі топтарға жеке көзқара
-
сты қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар, волонтерлер маршруттардың тазалығын қадағалайды, тури
-
стердің тарихи және мәдени нысандарға ұқыпты қарауын қадағалайды, есеп беру құжаттамасын, соның ішінде
келушілердің есебін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |