31
BIRGEMIZ ASYL MURA
Оқу және бағдарлау кезеңінде волонтерлерге кіммен жұмыс істеуге тура келетіндерге егжей-тегжейлі айтып
беру қажет.
Нұсқаулық, оқыту материалдары, мекеме волонтерімен келісім келесі сәттерді айқын бейнелеуі тиіс:
•
Волонтерлердің көздеген
мақсаттарына қарамастан, мәдениет ұйымына келе отырып,
мәдени мұраға және келушілерге құрмет жоғары басымдық болып табылады.
•
Мекеменің ережелері оларды орындау үшін жазылған.
•
Қауіпсіздік
техникасын орындау, дресс-код.
•
Волонтер оқытылған нәрсені ғана жасайды. Егер қосымша қызмет көрсету қажеттілігі
туындаса – мекеме қызметкерлеріне жүгіну қажет.
•
Волонтер мамандарға экспонаттардың/кітаптардың/декорациялардың
жағдайына қатысты
күмән тудыратын барлық жағдайларда жүгінеді.
•
Волонтерлер көмек көрсету мүмкіндігі қалай іске асырылып жатқандығына риза болмаған
жағдайда, ол бекітілген үйлестірушіге (волонтерлік орталықтың үйлестірушісіне) жүгінеді.
•
Егер волонтер оның келісімі мен нұсқаулықтарында жазылғаннан артық жасағысы келсе, ол
оны өзінің үйлестірушісімен талқылауы тиіс.
•
Проблемалар немесе қақтығыстар туындаған жағдайда волонтерлер
оларды өз бетінше
шешуге тырыспайды,бірақ кеңес алу үшін жүгінеді және өз үйлестірушісіне көмек көрсетеді.
Волонтерлерді оқыту техникалық дағдылардан басқа, бөтен және өзінің эмоционалдық жағдайын бағалай білу,
тыңдау, қарым-қатынастың ең жақсы стратегиясын анықтау қабілетін қамтуы тиіс. Оқытудың бір бөлігін кәсіби
психологтар жүргізуі тиіс. Оқыту бағдарламасына, сондай-ақ өзінің психологиялық жеңілденуі және жану әсерінің
алдын алу дағдылары кіруі тиіс.
Балалармен жұмыс істейтін мәдениет мекемелеріне баратын немесе денсаулық мүмкіндіктері шектеулі топтар
-
ды тартатын волонтерлер олардың дене мүмкіндіктеріндегі шектеулерді, олардың психологиялық жай-күйін, ба
-
лалармен ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау қажеттігін нақты түсінуі тиіс.
Ұлттық деңгейде оқыту бағдарламаларын әзірлеу және волонтерлерді оқытатын
жаттықтырушыларды дай
-
ындау қажет. Аймақтардағы волонтерлердің үйлестірушілері қосымша білім алады, бірақ волонтерлермен бірге
тренингтерге қатысады, олармен танысады, одан әрі қолдау мен оқыту тұрғысынан олардың әлсіз және күшті
жақтарын анықтайды.