Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»


Волонтерлердің қатысуынан мәдениет ұйымы нені ұтады?



Pdf көрінісі
бет33/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
Волонтерлік

2.7. Волонтерлердің қатысуынан мәдениет ұйымы нені ұтады?
Ең алдымен, қызмет көрсету сапасын жақсарту мүмкіндігі пайда болады. Мәдениет ұйымдарындағы қызмет
-
керлер саны көбінесе шектеулі, ал экспонаттар көп, немесе жұмыс бағыттары мүмкіндігі шектеулі келушілерді 
денсаулығы бойынша қосуды көздемейді, немесе материалдарды цифрлауға жеткілікті қаражат бөлмейді. 
Әр түрлі жастағы және әлеуметтік топтардан волонтерлерді мәдени волонтерлікке тарта отырып, қоғамның те
-
атр мен кітапханаларға, мұражайлар мен көрмелерге деген қарым-қатынасының өзгеруіне ықпал етуге, келушілер 
санын арттыруға, әсіресе волонтерлер келген тұрғындар топтарынан шығуға болады. Мәдениет мекемесінің құн
-
дылығы артады – ол ауылдық жерлерде де, қалада да саны үнемі жетпейтін бос уақытты өткізу және ұйымда
-
стыру үшін орын болады. Әлемдік тәжірибеде кітапханалар балаларды дамыту, жұмыссыздарға жұмыс іздеуде 
көмек көрсету, иммигранттарға – тіл мен мәдениетті үйренуде, тіпті пианинода ойнау практикасына арнап кеңістік 
ұйымдастырады. Ал мұражайлар балаларға арналған бірегей квесттерді, эксперименттері бар зертханаларды 
ойлап табады,тарихқа үңіліп, жер сілкінісін бастан өткізуге немесе джунглиге дыбыстық сүйемелдеу немесе вир
-
туалды шындық арқылы баруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы жаңартылған мәдени кеңістіктер, мәдениет ұйымдарындағы қызметтердің жақсартылған сапа
-
сы, интернетте өзекті имидж жасау – осының барлығы Қазақстанның мәдени объектілеріне жергілікті және шетел
-
дік туристерді де тартады.
2.8. Мәдениет ұйымы қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін?
Ең алдымен, бізге қажеттіден көпволонтер келуі мүмкін. Сондықтан жұмысты жоспарлауға уақыт бөлу, сон
-
дай-ақ волонтерлер өз жобаларымен толтыра алатын болжамды тауашаларды ойластыру маңызды. Мұндай 
жағдай мәдениет ұйымы мен оның қызметкерлері жаңа идеяларды қабылдауға дайын болған жағдайда ғана 
мүмкін болады, егер оларды іске асыруға көмектеспесе, кем дегенде, волонтерлерге жобаны іске асыруға кедергі 
жасамауға болады. Еріктімен жақсы жоспарлау, оқыту, нұсқау беру, келісімге қол қою, онда волонтердің не істеу 
керектігін, ешқандай жағдайда істеуге болмайтыны нақты жазылған, алғашқы күндері сүйемелдеу мен қолдау көр
-
сету және шығармашылық идеялар мен ұсыныстарға ашықтық ықтимал қиындықтарды азайтуға немесе олардың 
алдын алуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет