24
САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Әлеуметтік желілерді жүргізу үшін әртүрлі құралдар
-
ды пайдалануға болады– посттарды уақыт бойынша
орналастыру үшін, статистиканы қадағалау үшін, қажет
болған жағдайда таргеттелген жарнаманы (халықтың
белгілі бір тобына бағытталған жарнаманы) сатып
алуға болады.
Сонымен қоса, халықты ақпараттандыруда мессен
-
джерлер – WhatsApp (көп таралған)
және Telegram-
ді пайдалануға болады. Telegram мессенджерінде
арна құру функциясы бар, онда пікір жазу функция
-
сын
қоспағанда, сілтемелермен бөлісуге, хабарлама
-
лар жазуға, қысқаша сауалнамалар жасауға болады.
Whatsapp функциялары шектеулі,
бірақ белсенді пай
-
даланушылар топтарында жылдам жіберілімдер жаса
-
уға мүмкіндік береді .
Жалпы, волонтерлік қызмет туралы ақпараттандыру
тұрақты болуы тиіс. Қандай ақпаратты, қашан, не тура
-
лы және қайда - дәстүрлі БАҚ-та да, жаңа БАҚ-та да жа
-
риялауға болатыны жөнінде бірлескен медиа-жоспар
жасап, оған волонтерлерді тартуға болады.
ВОЛОНТЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ
СТАНДАРТЫ
Волонтерлікті қолдау стандарты - бұл волонтерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу моделі,
оны тәжірибелік
нұсқама ретінде пайдалануға болады. Ресей Федерациясында бұл Стандарт 2018 жылы «Жаңа жобаларды іл
-
герілету бойынша стратегиялық бастамалар агенттігі» автономды коммерциялық емес ұйымының алаңында,
РФ-дағы волонтерлік қозғалысты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының 14-тармағын орындау үшін Ресей
Федерациясының барлық федералдық округтерінде еріктілік саласындағы 200-ден астам сарапшылардың қаты
-
суымен әзірленді .
Стандартқа 9 қадам кіреді және келесі блоктар бойынша мемлекеттік қолдау іс- шаралар топтарын қамтиды:
o
ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету
o
ақпараттық-әдіснамалық қолдау
o
инфрақұрылым
o
еріктілерді
ынталандыру шаралары
o
қаржылық қолдау
Қазіргі уақытта Қазақстанда бірыңғай
Стандарт болмаса да, 2016
жылы Қа
-
зақстанда Волонтерлік қызмет туралы заң
қабылданды және 2020 жыл Волонтер
жылы болып жарияланды, оның аясын
-
да жалпы Іс-шаралар жоспары әзірленді.
Аталған Жоспар волонтерлік қызметті да
-
мыту жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспа
-
рын әзірлеуді көздейді.
Жоспарды әзір
-
леуде барлық ведомстволарды, ҮЕҰ-ды,
сарапшыларды тарту маңызды. Жоспар
-
лардың іске асырылуын қадағалау, түзе
-
тулер енгізу және оң нәтижелер мен сәт
-
тілік оқиғаларын міндетті түрде көрсетіп
отыру қажет.