Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»


САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет8/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
Волонтерлік

САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР
Волонтер – бұл тегін жұмыс күші.
Волонтерлікке түрлі ниеттермен келеді - мұқтаждарға көмектесуден бастап мансаптық өсуге 
дейін. Оларды тегін жұмыс күші ретінде қабылдауға болмайды. Волонтерлермен ынтымақта
-
стық белгілі бір қызметті орындауға өзара келісімге негізделеді. Волонтерлер ол үшін жалақы 
алмайды, бірақ олар алғыс сөздер, жаңа дағдылар, ұсыным хаттар және жұмысқа орналасу 
мүмкіндігіне ие болады. 
Волонтерлік – жастар, белсенді студенттерге арналған.
Әрине, жастар мен студенттерді жинау оңай, себебі олар оқу орындарында ұйымдасты
-
рылған. Дегенмен, отбасы мен жұмысы бар қалыптасқан адамдардың немесе зейнетке шыққан 
ересек адамдардың да волонтер болып, қоғамға пайда әкелуге және өмірдің жаңа қырларын 
ашуға мүмкіндіктері бар.
Волонтерлер әрқашан және барлық жерде қолжетімді.
Кейбір ұйымдардың арасында волонтерлерді үнпарақшаларды таратуға, үй- жайларды та
-
залауға немесе қандай да бір іс-шараны ұйымдастыруға бір қоңырау соғу арқылы шақыруға 
болады деген пікір бар.
Алайда, волонтерлер - бұл ҮЕҰ-ға өз еркімен келетін немесе іс-шараға өтінім беретін, өз 
басымдықтары мен ниеттері бар адамдар. Қарт адамдарға көмектесуге ниет білдірген адамға, 
флешмобта шарлар тарат немесе сенбілікке қатыс деп бұйрық беруге болмайды.
Волонтерлерді тартудың бес тиындық құны жоқ.
Алайда, бұл толыққанды жұмыс – жарнаманы ұйымдастыру, уақыт, әлеуметтік желілердегі 
жарияланымдар, қоңыраулар, брендтелген футболкаларға тапсырыс беру, көлікпен қамтама
-
сыз ету, сыйлықтар дайындау және тағы басқалары – осының бәрін ақшалай баламаға немесе 
еңбек сағаттарына ауыстыруға болады.
№1 аңыз
№2 аңыз
№3 аңыз
№4 аңыз


9
BIRGEMIZ ASYL MURA 
Волонтерлерді ұйымдастырудың қажеті жоқ, олар өздері бәрін 
біледі.
Өз қызметін шын мәнінде өз беттінше, мысалы, көршілеріне көмек көрсете отырып ұй
-
ымдастыратын волонтерлер бар. Алайда, іс-шараларды өткізу, жобаларды іске асыру үшін 
жоспарды белгілеу, жауапкершілікті бөлу, орындалуын қадағалау маңызды – осыншама мін
-
деттерді шешу үшін бір-екі адам қажет. Сондықтан Қазақстанда әкімшілік функцияларды 
жүзеге асыратын, адамдарға волонтерлер болуға көмектесетін, үйрететін, қолдайтын және 
олардың қызметін үйлестіретін түрлі ҮЕҰ бар.
Волонтерлік көп уақытты талап етеді.
Бұл волонтерде уақыттың болуына, сондай-ақ волонтер айналысқысы келетін қызмет түрі
-
не байланысты. Аптасына бір сағат жануарларға арналған баспанада иттерді серуендетуге 
көмектесуге болады немесе аптасына үш рет балалар үйлерінде тоқу бойынша сабақтар 
өткізуге немесе жылына бірнеше рет мәдени не спорттық іс- шараларды ұйымдастыруда қа
-
тысуға, тіпті бір рет ҮЕҰ үшін веб-сайтты тегін әзірлеуге болады. Не істеуді ұнататынын не
-
месе кәсіби және сапалы түрде не істей алатынын және басқа адамдарға қанша бос уақыт 
арнауға дайын екенін түсіну жеткілікті. Волонтерлердің бір сағаты да маңызды!
Волонтер бірден бүкіл әлемді құтқаруы тиіс!
Барлығына бірден көмек көрсету мүмкін емес. Бұл кез келген адам, волонтер және тіпті 
халықаралық ұйым үшін аса ауыр міндет. Егер волонтерлер өз бетінше әрекет етсе, тіпті 
бір отбасына да көмек көрсету маңызды. Егер волонтерлер ұйымнан жұмыс істесе, онда 
үйлестірушілер нақты міндет қойып, жауапкершілікті барлық қатысушылардың арасында 
бөледі.
Волонтерлер не үшін керек?
Мемлекет осы мәселелердің барлығын шешуі тиіс.
Мемлекеттік бағдарламалар барлық мақсатты топқа жетпейтін немесе халық шенеуніктер
-
ге сенбейтін жағдайлар болады, сонымен қатар мемлекеттік көмек берілмейтін (азаматтығы 
жоқ адамдар) халық топтары бар. Дәл осындай жағдайларда волонтерлер немесе қоғамдық 
ұйымдар пайда болады. Волонтерлер мемлекеттің серіктестері болып, бірлескен жобалары 
мен бастамалары арқылы қоғам мен мемлекет арасында сенім атмосферасын құрады.
№5 аңыз
№6 аңыз
№7 аңыз
№8 аңыз


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет